«Нұр Отаннан» депутаттыққа үміткер ретінде 127 адам тіркелді

Бөлісу:

e540cd17f29b690c6d3957c3b06Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтеді.

Еске сала кетейік, Елбасы,  партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі 29 қаңтарға шақырылған болатын.

Съезде «Нұр Отан» партиясының жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданатын болады. Сондай-ақ  ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысты партиялық тізімі бекітіледі. Бағдарлама жобасы алдағы бесжылдық кезең бойынша 2021 жылға дейінгі партияның негізгі бағытын айқындайды. Ол бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шаралары қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, партия бағдарламасында «Қазақстан 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламаларын жүзеге асырудың нақты тетіктері де қарастырылады.

«Нұр отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісі партияның кезектен тыс XVII съезі аясында бұқаралық ақпарат құралдарына таратылған мәліметке сүйене отырып хабарлады.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі өтеді. Жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Партияның баспасөз қызметі таратқан апаратқа сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.

Съезде партияның «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

qazaquni.kz

Дерек көзі: БАҚ.кз

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Димаш 29 Қаңтар, 2016 11:40 Жауап

    Басты партия «Нұр Отанның» жиынында кілең жақсылар жиналыпты. Болашққа Ұлы жоспарлар қойылады деп сенемін.

  2. Дамир 29 Қаңтар, 2016 12:46 Жауап

    Әрине осындай съездер өткізілу керек барлық партияларда себебі сайлауалды бағдарламалар мен кандидаттар ұсынылып қолданылады.

  3. Ельмира 17 Наурыз, 2016 11:22 Жауап

    шынымды айтсам, накты малимет ала алмадым, тизим деген атымен жок. Сайлауга бармаймын да. рахмет

Пікір немесе жауап жазу

он алты + тоғыз =