Геннадий Головкин: Астанада бокстан кәсіби шоу өткізгім келеді

Бөлісу:

photo_41071«Цеснабанктің» шақыруымен елордаға келген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астанада кездесу өткізуге қарсы емес екенін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

«Астанада жекпе-жек өткізу? Қуана-қуана. Жәй ғана жекпе-жек өткізу емес, кәсіби шоу өткізуге болады. Нағыз профи бокстың қандай болатынын көрсетуге мүмкіндік бар. Қазақстанда үлкен оқиға жасағым келеді», – деп мәлімдеді Головкин.

Сонымен қатар, ол Қарағанды облысында туристік кешен салынып жатыр деген мәліметті жоққа шығарды. «Мұны кімдердің шығарып жүргенін білмеймін. Ешқандай да кешен жоқ. Солай десе, оны әкімдіктен сұраңыздар», – деді былғары қолғап шебері.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу