“Элиталық” жезөкшелер деген кімдер?!.

Қазақстандағы “элиталық” жезөкшелік өзінің болмысын өзгертіп жатыр. Отандық қалталы азаматтар сылқымдарды сағатқа емес, аптаға тіпті айға өздеріне қызмет етуге жалдап жатыр.

pogudx221foub5lij.1cad8e99

Рианна есімді лақап атымен белгілі “жалдамалы” бойжеткендердің бірі  «Экспресс-К» басылымына “элиталық” жезөкшелік пен қарапайым жезөкшеліктің айырмашылыған айтып берді.

Оның айтуынша, жезөкшелер туралы жантүршігерлік оқиғалар шындыққа жанаспайды. Олар “түнгі көбелекке” арзан ақша мен рахатқа бөлену үшін айналады.

Рианнаның ата-анасы оның оқуының, музыка және вокал сабақтарының, модельдік курстарының ақысын төлеп, жылына екі рет теңізге апарып тұрған. Олар қызын болашақта адвокат ретінде көргісі келген, алайда қызы басқа өмірді таңдап, “шылқыған байлығы бар қалталылардың” қойнында болуды жөн санаған.

Рианна клиенттің сутенерға ақша төлеп қастарына досын шақыруынан қорықпайды. Оны мазақ қылуға болмайды және қол көтеруге тыйым салынған. Бойжеткен ақшаны алдын-ала алады егер клиентпен келісілген шарт бұзылған жағдайда ол ақшаны қайтармайды. Сонымен бірге Рианна сый ретінде өте қымбат сыйлықтар алып тұрады, мәселен аралдағы бесжұлдызды қонақүйде демалу секілді.

Келісім-шартқа ер адамға адал болу, шу шығармау, қыңқылдамау кіреді. Тек қалталы дөкейдің қасында бойжеткен үнемі күлімдеген көздерін көрсетіп, жарқыраған жүзімен жүруі тиіс. Тағы бір пункт – ғаламторда отыруға, құрбыларымен сөйлесуге тыйым салынған. Клиент бойжеткен үшін барлық әлемді алмастыра алады. Бұл айына 1,5 мың долларға тұрарлық дүние деп әңгімеледі Рианна.

Журналситің бұл аз ақша емес пе, деген сауалына Рианна адамдар “элиталық жезөкшелердің” табысын асыра сілтеп айтады дейді. Оның сөзінше, кейде бойжеткендерге тіпті ақысы төленбейді, қалталылар оларды тек демалысқа шыққанда қастарына ертіп алады немесе барлық жағдай жасалған пәтерлерді жалға алып, бірге болады.

Рианна тоқал болғысы келмейді, бизнесмендер жақында екінші әйел алудан мүлдем бас тартады деген ойда.

Бойжеткен жеткілікті қаржы жинап алған соң тұрмысқа шығып, бала сүюді қалайды.

Автор: Татьяна Аладьина

Дереккөз: NUR.KZ