А. Мамытбеков: Қазақстан бие сүті арқылы миллиард доллар таба алады

Қазақстан бие сүті арқылы миллиард доллар таба алады.  Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Facebook желісінде жазды. 

null

«Өткен жылы Қарағанды облысында бие сүтінен құрғақ концентрат өндіретін зауыт ашылды.  Бұл  - ZollMann Stutenmilch GmbH неміс компаниясының табиғи бие сүтінің биологиялық құндылығы мен пайдалы қасиеттерін сақтай отыра пастерлеу және кептіру бойынша инновациялық технологиясы.

Жобада сүтті өңдеу ғана емес, оны өндірумен де айналысу қарастырылған.  Жылқылар сатып алынып, сауын құрылғылары орнатылды. Қазір зауыт өнім шығара бастады.

Бұл - адам ағзасы үшін өте пайдалы өнім. Емдік қасиеті  бар (иммунитетті көтереді, асқазан-ішек, бауыр және т.б дерттерді емдейді). Балаларға да, ересектерге де қолдануға болады. Жобаны жүзеге асыру бастамасын көтеруші ретінде "SAUMED" (қазақша жаңа сауған бие сүті - САУМАЛ) саудалық белгісі тіркелді.

Өнім экспорттық саудада сұранысқа ие. Сондықтан  болашақта ірі экспорттық тауарлардың біріне және еліміздің ұлттық брендіне айналуы мүмкін.

null

Бүгінде елімізде жылқы басының саны 2 миллионға жетті. Ары қарай өсу мүмкіндігі де бар.

100 мың биенің қайта өңделген сүті 1 млрд доллардың өнімін бере алады (орташа сауымы 500 литр, концентрат шығымы 1/10 , бағасы 200 $/ кг). Осылайша, ұлттық сусын қазіргі жағдайда маңызды болып табылатын ірі валюталық түсім көзіне айналуы мүмкін»,- деп жазады министр.