Серік Ақсұңқарұлы. ТОРҒАЙ.

serikter ТОРҒАЙ Серік Тұрғынбекке Сері аға-ау, мәлім күллі сырың маған, Қырық жұт келсе-дағы қырылмаған,- Торғайың- Қазақта бір киелі ел ғой, Алаш!- Деп торғайдайын шырылдаған!
Бұл дала, құдайым-ау, қандай дала, Қарасаң, қара жерде- сондай дара! Қай құста қандай ғажап қасиет бар? Қазаққа адал болған- Торғай ғана! Боз торғай, қайтем сені, қара торғай. Ұша-ұша талды-ау, әбден қанаты оңбай? Алаштың даласымен салыстырсаң, Аспанның өзі бізге- алақандай! Боз торғай, қайтем сені, қара торғай?! Сол елде бұ Алаштың ұлылары, Құдайға тартқан бізді, құрып әлі; Со жерде Көк Бөрі тұр Көк Тәңірге, Баяндап уайымын, ұлып әлі. Батыста қарсы алдынан Аю шығып, Шығыста-Айдаһарға ұрынады. Мойыны бізден шыққан шарананың, Соларға былқ-сылқ етіп бұрылады; Анаңнан ақын болып тудың, сонсоң, Бөрімен көкке қоса ұлығалы; Біледі... Білсе-дағы жүреді ғой, Білмеген пенде құсап мұны бәрі; ... Жүз пайыз адал болар ақын деген, Бір пайыз арам болса- Құрығаны! 20.01.2016 ж.