Ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады

1458
0
Бөлісу:

© Caltech

© Caltech

Америкалық ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады. Калифорниядағы технологиялық институттың ғалымдары – Майкл Браун мен Константин Батыгиннің жұмысы «Астрономиялық журналда» жарияланды, – деп жазды tengrinews.kz.

Астрофизиктердің мәліметінше, Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшардың бар екенін дәлелдейтін айғақ табылған. «Х Ғаламшар» көлемі жөнінен Нептунмен шамалас, ал газ көлемі Жер салмағынан 20 есе, диаметрі Жерден 2-4 есе үлкен.


© Caltech

Сонымен қатар, нысанның Күннен ең алыс жатқан ғаламшар – Нептун мен Жердің ара қашықтығынан 20 есе алыста екені белгілі болды. Астрофизиктердің айтуынша, «Х Ғаламшар» Күнді 10-20 жылда бір айналады.


© Caltech

Құпия ғаламшарды ғалымдар әзірше математикалық және компьютерлік модельдеу арқылы ғана тауып отыр. Олардың айтуынша, нысанды телескоп арқылы көру бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

2 + он екі =