Жан достар: Рамзан Қадыров пен Кеңес Рақышев

2251
0
Бөлісу:

«Казкоммерцбанк»Акционерлік қоғамының баспасөз хабарнамасында айтылуынша, белгілі бизнесмен Кеңес Рақышев «Alnair Capital Holding» компаниясына тиісті 28,08 пайыз акциясын сатып алып, еліміздің ең мықты банкінің негізгі акционеріне, яғни иесіне айналды. Сонымен бүгінде Кеңес Рақышевтің иелігіндегі акцияның көлемі – 56,75 пайызға жетіп отыр.

Тасмағамбетовтың күйеу баласы тек Қазақстанмен шектеліп отырған жоқ. Украинаның антимонополиялық комитетінің мәлімдеуінше, Кеңес Рақышев БТА Банктің (Украина) 50 пайыз акциясын сатып алған. Осылай өткен 2015 жыл Рақышев үшін өте табысты жыл болды.

Бұрын Рақышев «Астана банкінің» 30 пайызына иелік ететін. Енді ол өзінің үлесін әріптесі Олжас Тоқтаровқа сатқаны айтылап жатыр.

«Forbes Kazakhstan» сайтының деректеріне қарағанда, бүгінде Кеңес Рақышев  Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізімінде 5 орынды, ал еліміздің ең бай 50 бизнесменнің рейтингінде – 10 орынды иеленіп отыр. Аталғ,ан бизнес-басылымның  деректеріне қарағанда, еліміздің қорғаныс министрі Тасмағамбетовтың күйеу баласы болып табылатын Рақышевтің капиталы бүгінде 684 миллион АҚШ долларын құрап отыр.

oinet.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он алты − 12 =