Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды

975
2
Бөлісу:

Парламент сенатының жалпы отырысында сенатор Сергей Громов сенат төрағасының орынбасары қызметіне сайланды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

фото: newskaz.ru

“Маған берілген конституциялық нормаларды пайдалана отырып, сенат төрағасының орынбасары қызметіне Сергей Громовтың кандидатурасын ұсынамын. Сергей Громовты таныстырып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Сенат регламентіне сәйкес, төраға орынбасары палата депутаттарының ашық дауыс беруімен сайланады”, – дейді спикер Қасым-Жомарт Тоқаев.

Палата депутаттары аталған мәселені қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Парламент сенатының жалпы отырысында палата төрағасының орынбасары Қайрат Ишанов өз өтініші бойынша қызметінен босатылып, өз өтініш етуі бойынша сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің құрамына мүше болып сайланды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Николай Петрович 14 Қаңтар, 2016 12:05 Жауап

    Бір орыс керек болған ғой, әйтпесе Громов қайбір керемет парламентарий еді. Бәрі бізде жасанды, показуха,

  2. ЕВРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР!!!!!!!!!! 15 Қаңтар, 2016 02:54 Жауап

    11 МИЛЛИОН ҚАЗАҚТЫҢ ІШІНЕН НАҒЫЗ ТАЗА ҚАЗАҚ ТАБЫЛМАДЫ МА???????? БҰЛ НЕ МАСҚАРА????????? АНА ҚАЗАҚ ТІЛІМІЗДЕ СӨЙЛЕЙТІН НАҒЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН ҚАРА ҚАЗАҒЫМЫЗДЫ ҚОЮМЫЗ КЕРЕК!!!!!!!!!!!!!! БАЛЫҚ БАСТАН ШІРИДІ ДЕГЕН АТАМ ҚАЗАҚ!!!!!!!!!!! СОЛАЙ БОЛҒЫЗБАУ КЕРЕК!!!!!!!!!!!!! ҚАЗАҚТАР ТЕК АЛҒА!!!!!!!!!!!!!!!!! ОЯН ҚАЗАҚ!!!!!!

Пікір немесе жауап жазу