Жас тілші Қанат Ислам мен Головкинді салыстыруға келмейтінін айтты

2904
21
Бөлісу:

1427179292_kanat-islam-2

Қанат Ислам

Отандық жас журналист Руслан Меделбек боксшы Қанат Исламды «Жыл адамы» деп атауға өз қарсылығын білдірді. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазады. Журналистің пікірін назарарыңызға ұсынамыз:
Руслан МЕДЕЛБЕК: 
Қанат Ислам қандай жетістікке жетті, жыл спортшысы болатындай? Бокс әлемінде аты жөні белгісіз екі латын америкалық боксшыны жеңгені үшін бе?
photo_50454

Қанат Ислам мен Геннадий Головкин

Головкинді әлемдік басылымдар «жыл боксшысы» деп жатқанда біздің елдің сайттарында рейтинг жинау үшін ұйымдастырған сауалнамада Қанат Исламның жеңіске жетуі – халықтың әлі спорттағы жеңісті ұлттық құндылық деп есептейтінін анық көрсетеді. Мойындау да ерлік, Қанат Ислам мен Геннадий Головкиннің қазіргі атағы мен жетістігі жер мен көктей. «Қанат Ислам Қазақстанда жыл спортшысы атанып, халық таңдауында Головкинді басып озды» деп жаңалық жазып, «жыл үздігін» қолдан жасаудың орнына «барды бар, жоқты жоқ» деп объективті түрде бағалаған жөн-ау… Қанаттың өзі де түсінер, Головкиннің деңгейіне жету үшін көп еңбек ету керектігін.
Құрметті оқырман, ал, сіздер Қанаттың «Жыл адамы 2015» атануына қалай қарайсыздар?!. Атап өту керек, «Қазақ Үні» ұлттық порталының да жүргізген арнайы сауалнамасы нәтижесінде «Жыл адамы 2015» деп екі спортшы – Алмас Өтешев пен Қанат Ислам танылды.
qazaquni.kz
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 21 пікір жазылған

  1. Асылбек 29 Желтоқсан, 2015 18:03 Жауап

    Бұл екеуін бөлмендер екеуі бір тұтас бөлгенге келмейді бұларды бөліп ірткі салмаңдар іштен шыққан жау жаман! Бұлар біздің көк байрағымыз болем дегендер сол көк туды екіге айырам дегенмен бірдей

  2. Шәкір 29 Желтоқсан, 2015 18:13 Жауап

    Бұлар егіз балалар. Бұлар екі көз яки екі құлақ. Туды жыртуға бола ма? Ұғынықты ма.Арп-арп. :shoshu:

  3. Шәкір 30 Желтоқсан, 2015 10:13 Жауап

    адилет пен мен кімге доқ көрсетіп отырсыңдар?Егер маған болса-өздерің сондайсыңдар. себебі мен асылбекті күлкі қып отырсам ешкімде өшім жоқ

  4. ассар 30 Желтоқсан, 2015 12:02 Жауап

    Қанат қазақ үшін жылаған қытайдың қазақ бауырымыз. Бұдан да биік атақ берсе де аз емес. Орысшыл иттердің сөзі қажет емес. Головкин, Илиндер өз атақтары өздеріне жетерлік. Олар көтерілді өз деңгейлерінде. Ал енді Қанатты да көтерсек несі артық. Журналистті атып жіберсе обалы жоқ құл саналы мал екен. Тереңінен ойлау қажет, Қанатқа атақ бергендер осы журналист құрлы ақылы жоқ деп ойламау керек.

  5. Qazaq balasy 30 Желтоқсан, 2015 17:31 Жауап

    кайран казагым осы коре алмаушылыкпен бир бирымыздын айягымыздан шалып дамый алмай жатырмызгой.канат мактауга лайык азамат.бокстарын телеарнадардан корсетпеймыз галовкин сиякты коп мактамаймыз жай уакытта енды бир атак берылген екен буйректен сирак шыгарып анау мынау деп отыргандар ере алмай отыргандардын жугурмегы.ресей алем орыстарынын муддесын коргауга дайын быз озымызды коргауга каукарсызбыз.казактар аллага шукур алы алемды багындыратын болат.

  6. Маке 30 Желтоқсан, 2015 21:28 Жауап

    Ай,кайран казак журналисiм,аспанга карашы, кай елдiн жерiн басып журсiн?Головкиннiн енбегi коп,бiрак Канат бауырымызда лайык жiгiт.Казак халкы не дейдi,солай болады.Арага ангiме салма.

  7. Маке деген ақымаққа 30 Желтоқсан, 2015 23:42 Жауап

    Қандай халық? Қайдағы халық? Қанатты жыл спортшысы деп жүрген күллі халық емес, оралман Білəл Қуаныш қана. Сандалмаңдар!

  8. талғар 31 Желтоқсан, 2015 00:54 Жауап

    осы шоуды ұйымдастырған журналистке: Ақылыңнан айналайын жасұланип, ақ нйетке жарымаған сен бір кәріп. сен шыққан жол үстіне жалғыз түп шй, көрінген йт кететін бір -бір сарып.

  9. Казак 31 Желтоқсан, 2015 13:02 Жауап

    Орыскул сана не ойлатпайды, казакстандык улт идеясын шыгаратын осылар. Маселе кимди женгенинде емес кимнин муддеси ушин курескенинде!!!

  10. Ереке 31 Желтоқсан, 2015 13:16 Жауап

    Руслан МЕДЕЛБЕК деген түсінігі өте таяз журналист екен, қарның ашасы… Біріншіден, халық Қанат баурымыздың еңбегін елеп, игі тілекпен жеңіске жетелеп, өз дауыстарын бергені белгілі. ал, Русланға халық ақымақ болып тұрма сонда? Екіншіден, Қанат ИСЛАМ Геннамен бақталас емес, ол өз орнын біледі. Оны талай сұхбаттарынан естіп, оқып жүрміз. Головкиннің өз биігі бар. Бұл жарыместің пікірі екі арысымыздың арасына от салып, араздық тудырумен бірдей нәрсе-гой!

  11. Қазақтың қара баласы 31 Желтоқсан, 2015 15:04 Жауап

    Руслан Меделбек 1шіден Қанат енді көрініп келе жатқан спортшы(кəсіпқой боксшы ) қазақ бұлақ көрсең көзін аш демейма. Жыл спортшысы деген атақ Қанатқа қаншама халықтың үміт артып отырғанын көрсетеді. Қанат бауырым үміт пен сенімнің не екенін түсінетін жігіт. 2шіден барлық ақпарат құралдары Гена туралы 2010-11 бастап жаза бастады, оның алдында Гена туралы жазса қайда қарап отырыпты( оның арасында сізде барсыз) 3шіден шетелдің аортанқол боксшылары Генаны мен жеңем дегеніндей өзіңізге жасаған қара пиарыңызба?

  12. Нуржан 31 Желтоқсан, 2015 17:34 Жауап

    Әр ұлттың өз құндылыгы бар, егер Қанат десе, Қанат болуы тиiс. Головкин мырзаның да алатын уақыты келер. Себепсіз салдар жоқ. Халық қажеттілік деп тапса, ол ақиқат

  13. Ерхан 1 Қаңтар, 2016 12:01 Жауап

    Қанат Ислам қазақтың мақтанышы. Мына Руслан Меделбек деген тілші тым асыра айтыпты. Айналайын Руслан бауырым өзіңдей журналисттің жазған мына жазбасын оқып қойшы: http://dev.islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/nagyz-qazaq-kim-dese-qanat-der-em-1130/ Біз неге ұлтым деп келген өз ұланымызды бағалай алмаймыз?

  14. Казак 1 Қаңтар, 2016 23:56 Жауап

    Мына руслан деген оттайды екен. (Осылай катты кетуге мажбурлед) спорт улттык кундылык емей не? Ауели жауап берсинши ози. Мангурт «казакстандык» журналисттин бири гой. Биле билсен спорт ен ауели – намыс, кандай намыс? Улттык намыс. Сенин ултыннын намысын оз ултыннан ешким шыкпай,озге улт коргап журсе уят емес пе. Ол оз ултыннын азаматтары оз намысын оздери коргай алмайтын ез, колынан тук келмейтин ынжык дегенди билдиреди. Оз ултыннын азаматтарынын ынжыктыгын далелдеп жургендерден ози де намыстанбайтын бале гой мынау. Оз ултыннан шыккан бир жулдызды кокке котерудин орнына мурнын шуиирип караганын. «Канына тартпаганнын кары сынсын» дейди казак. Сендей Сумырайга осы каргыс жетеди. Атын кандай казакы емес, озин де жартыбас, журегин саткын бир силимтик журналистсин гой.

  15. Қали 3 Қаңтар, 2016 02:29 Жауап

    Меделбектікі «Бүйректен сирақ шығару «. «Бір өзі бір төбе » болғысы келетіннің кері.

  16. асет тама 4 Қаңтар, 2016 20:39 Жауап

    казактар бір бірлеріңді аякка шалмаңдар 37жылы да аякка аямай шалғансыңдар жетер енді

    ңңңғі

Пікір немесе жауап жазу