Нұртай Әбіқаев Сенат депутаты болып тағайындалды

 abyqaev
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Искандер Қалыбекұлы Бейсембетов Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.