Астанада 10 миллионға салынған аялдамалар сығандардың ордасына айналды

2544
1
Бөлісу:

Еліміздің бас қаласында құны 10 миллиондық аялдамалардың салынғанын жалпақ жұрт жақсы біледі. Білгенде де, халықтың басым көпшілігі экономикалық дағдарыс кезінде бұл қаржыны оңды-солды шашумен тең деп санайды.

Тіпті, елордалықтардың өздері мұндай аялдамалардың қанша көлемдегі қаржыға салынғанын білген кезде Астана әкіміне өз наразылықтарын ашық білдіріп жатты.

Жуырда Фейсбук әлеуметтік желісінде Ермұхан Бейсалиев есімді қолданушы аталмыш аялдамалардың сығандар мен бомждардың мекеніне айналып кеткендігі туралы жазды.

12431612_890035697782048_2118220479_n

«Тёплые остановки, тёплые дома для цыган. В первый раз решил зайти и посмотреть изнутри, но нет уж я лучше на улице постою (вонь невыносимая)» деп жазды Е. Бейсалиев.

Атап өту керек, Астана қаласында салынған 10 миллиондық аялдамалар көршілес Ресей қалаларында үш-төрт есе арзанға салынады.

Ал, әзірге, 10 миллиондық аялдамалар тұрғылықты мекен-жайы жоқтар мен сығандардың ордасына айналды. Кім білсін, елорда әкімдігі өмірінде бір рет болсын қымбат жерде жатып демалып қалсын деп сол БОМЖ-дар мен сығандар үшін арнайы салып берген де шығар бұл аялдамаларды. Әйтеуір, нан қымбаттап жатқан дағдарыс кезінде бұқара үшін 10 миллиондық аялдамалардың керегі жоқ екені айдан анық.

Ал, Сіздер не дейсіздер, әкімдіктегілер?!.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Kanat 27 Желтоқсан, 2015 16:54 Жауап

    Не дейміз, еліміз аман – жұртымыз тыныш болсын, сыгандар көбейе берсін, әкімдер қой құсап ұндемей жата берсін, сірә олар аялдамада тұрмайдығой :kulki:

Пікір немесе жауап жазу

он + 5 =