СУ  КОМИТЕТІНІҢ МАҚСАТЫ -  ҮНЕМ МЕН ІС НӘТИЖЕСІ

И.Әбішев-фото-1

14 желтоқсан күні  Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішев баспасөз мәслихатын өткізді.

Осының алдындағы аптада Есеп комитеті Су комитетінің есебін қарап, біраз шүйліккен болатын.  Осы жиында Су ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішев журналистердің  сұрағына байланысты сол 73 миллиард теңгенің  бәрі орынымен жұмсалғанын, 1 тиын да шашау шықпағанын нақты дәлелдеп берді. Ал "Су ресуртары комитеті қымбат көліктер" сатып алған"  деген КТК  телеарнасының тілшілерінің  жандарынан  соғып жіберген  "өсегіне" де нүкте қойылды. Ол "қымбат көлікткердің" бәрі  құрылысқа пайдаланатын техникалар болып шықты. Олардың фотолары мен техникалық төлқұжаттары, бағасы экран арқылы көрсетілді.  Ол техникалар Су ресурстары комитетнің үнемделген қаржысына және  арзан бағаға алынғаны белгілі болды. Біз төменде күні  Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Есеп комитетіне жауабы мен  атқарылған шаруалар және триллионнан аса қаржы үнеміне  байланысты есебін беріп отырмыз.    
№ р/н Есеп комитетінің баспасөз—релизінің ақпараты ҚР АШМ СРК түсініктемесі
1 Комитеттің бағынысты ұйымның («Қазсушар» РМК) қызметін беруге байланысты, су шаруашылығы нысагдарын салу және күрделі жөндеу бойынша жұмысты орындау және қабылдауға бақылау жасау Комитетпен мүлде жүзеге асырылмаған. 2в үлгісіндегі орындалған жұмыстардың актілеріне, тиісті біліктілігі, нысанда қатысу мүмкіндігі және орындарында орындалған құрылыс жұмыстарының сапасы мен көлемін тексеру мүмкіндігі бар «Қазсушар» РМК қызметкерлерімен қол қойылған. СРК қызметкерлері 3 КС анықтамасына қол қойған (яғни, орындалған жұмыстар актілерінің қаржылық бөлігіне). Барлық осы нысандарды Есеп комитеті қаржылық тәртіп бұзушылықтарға жатқызады, және қол қою құқығы бар СРК екі салалық басқармалары басшыларының қолтаңбаларымен жұмыс сапасы мен көлемдерін куәландыруды талап етеді. Комитеттің жұмыстардың орындалған актілеріне қол қою құқығы бар аумақтық бөлімшелері өңірлерде жоқ. Салалық басқарманың екі басшысы іссапарға барған жағдайдың өзінде еліміз бойынша барлық нысандарға бару мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар Бюджетпен көзделмеген ауқымды қаржылық шығындар талап етілер еді. Заңмен орындалған жұмыстардың сапасы мен көлемі бойынша жұмыстарды қабылдау қызметтерін бағынысты ұйымдарға жүктеу тиым салынған, себебі Комитеттің қызметкерлері орындалған жұмыстарды қабылдаудың қаржылық жағына қол қояды.
2 Бөлінген бюджеттік қаражат  көлемі  жеткілікті болғанына қарамастан, мердігердің шарттық міндеттерін уақытыл орындамауына байланысты 6-48 айға созылған 28 инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдері бұзылған. Орындалмаған жұмыстарға айыппұлды өтеу бойынша шаралар жекелеген жағдайларда қабылданбаған. 2012 жылға дейін орындалған жұмыс көлемдерін (2в нысаны) «Қазсушар» РМК қызметкерлері орындарда қол қоймаған. Тек қана СРК 2 салалық басқарма басшылары ғана қол қойған. Комитет өзінің бағынысты ұйымдарына жұмыс көлемін қабылдау және бақылау қызметтерін жүктемеген, және олар тартылмаған, қабылдағаннан кейін, пайдаланумен өздері айналысатын болады. Басқарма басшылары бақылауға мүмкіндіктері болмаса да, жұмыс көлемдеріне қол қойған. Оның нәтижесі бюджеттік қаражатты ұрлаудың көптеген фактілерімен, төмен сапада орындалған жұмыстар, сапасыз жабдықтарды жеткізумен бірнеше проблемалық нысандар болып табылады және т.б.. Есеп комитетінің баспасөз-релизіндегі көрсетілген 28-жобалардан 25-жобалар 2009-2011 жылдан бері жалғасуда. Бізге белгілі, су шаруашылығы нысандарын салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға және қабылдауға бақылауды Комитет жүзеге асырған. 2012 жылдан бастап 2007-2011 жылдардан қалған барлық проблемалық нысандар аяқталған. Тек бес нысан қалған, оларды 2016 жылғы 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен бірге, бірде-бір жобаның құны қымбаттамағанын ескеру қажет.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру құрылыс-жөндеу жұмыстарының өндірісіне уәкілетті органның рұқсаты болмағанда жүзеге асырылған. Авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалаусыз құрылыс жұмыстарын өткізу, орындалмаған және сапасыз орындалған жұмыстарға төлем жүргізу деректері анықталған. Құрылыс жұмыстарын бастағанда авторлық және техникалық қадағалау шарттарын қоса берумен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды (МСҚБ) жүзеге асыратын органдарға хабарлау қажет. Одан кейін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (МСҚБ) органдары құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат жөнінде талон береді. Техқадағалау шарты тәжірибеде кейін тіркеледі, тиісінше талон кейін беріледі. Осы процедуралық себептер бойынша орындалған жұмыс сапасына әсер етпейтін бұзушылықтар тіркеледі. Авторлық қадағалаусыз жобалар бойынша жұмыстарды жауапкершілігі жоқ мынадай жобалаушылар жүзеге асырған: «OST-проект» ЖШС, «UST груп» ЖШС, «Пищепром» ЖШС және басқалары. Осындай ұйымдарға қатысты СРК соттық-талап қою жұмыстарын жүргізеді және сот шешімінсіз олардың авторлық құқықтарын басқаларға беру мүмкін емес. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын тоқтату мүмкін болмағандықтан, авторлық қадағалауды тегін түрде (шартсыз) тиісті біліктілікпен «Қазсушар» қызметкерлері жүзеге асырған. Техқадағалауды рәсмедеу үшін бас мердігерді анықтағаннан кейін мемлекеттік сатып алулар өткізіледі. Жеңімпазды анықтау рәсімдері кем дегенде 3 айға созылады, одан кейін Қазынашылықта СРК мен техқадағалау арасындағы шартты тіркеу үшін де уақыт керек. Осы уақытта бұл қызметтерді мәжбүрлі түрде «Қазсушар» РМК қызметкерлері орындайды.
4 2014 жылы желтоқсанда пайдалануға қабылданған «Алматы облысы Панфилов ауданында магистралдық каналдарды қосумен Қорғос өзенінде «Достық» бірлескен гидроторабы. Қосу магистралдық каналы соңында гидроэлектрстанциясы» нысаны, құны 1173,5 млн.теңге сапасыз жобалануына байланысты жұмыс істемейді. Шын мәнінде ГЭС жобалау кезінде жіберілген қателерге байланысты жұмыс істемейді. Жобаның мемлсараптамасын «Мемсараптама» РМК өткізді және Құрылыс істері және ТКШ агенттігімен бекітілді. Бұл жағдайда Су ресурстары комитетінің кінәсі жоқ.
5 Комитет 2014-2015 жылдарда 7,6 млрд.теңге сомасына мемлектетік сатып алулар туралы заңнама нормаларын қолданбай су шаруашылығы нысандарын салу және күрделі жөндеуге «Қазсушар» РМК-мен шарт жасаған. «Қазсушар» РМК қосалқы мердігерлік ұйымдарды, жабдықтар мен материалдарды жеткізушілерді таңдау да конкурстық процедуралардан тыс жүзеге асырылған. Комитет сотпен мемлекеттік сатып алулардың жауапкершілігі жоқ қатысушысы ретінде танылған мердігерлік ұйыммен шарт жасау фактісі анықталған. «Қазсушар» РМК-мен басқа мердігерлермен 2010-2011жж. басталған нысандар бойынша 7,0 млрд.теңге сомасына 9 шарт жаслаған. Сонымен қатар, осы мәрдігерлер 2012-2013 жж. жұмыстарды жалғастырудан бас тартқан, сонымен бірге жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту талап етілді (бағаналарды қайта есептеу). Көрсетілген компаниялармен қазіргі уақытта соттық талқылаулар жүргізілуде. Ұзақ уақытқа созылған сот процестері есебімен және құрылыс жұмыстарын шұғыл аяқтау қажеттілігіне байланысты осы проблемалық нысандар бойынша шарт «Қазсушар» РМК-мен жасалған болатын. Қарсы жағдайда, жобаларды қайта есептеу, бюджетке қосымша қаражат енгізу және басқалар бойынша қажетті қосымша процедуралар есебімен, жобаларды іске асыру 4,5 жылға кейін қалдырауға тура келер еді, оған сәйкесінше едәуір көп қаражат жұмсалар еді.
6 Комитетте бухгалтерлік есеп мүлде жоқ деп айтылған. Бухгалтердің қызметі тиісті біліктілігі жоқ қызметкерге жүктелген. 407,6 млн.теңге жалпы сомасына дебиторлық және кредиторлық қарызды қысқарту фактілері анықталған, есептік ақпаратты бұрмалау, аяқталмаған құрылыстың құнын және 12 790,0 млн.теңгеге негізгі қаражатқа төмендету. СРК құрылымында Қаржы басқармасы бар, олар бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті және дебиторлық және кредиторлық қарызды жүргізуді қамтамасыз етеді, бухгалтерлік балансты жасау, банктік төлемдерді жүзеге асыру болып табылады.
7 Комитеттің заң қызметінің жұмысы нашар ұйымдастырылуына байланысты сотқа бірнеше қайта келмеу және жауапкершілігі жоқ мердігерлік жұмыстарына қатысты талапты уақытында бермеу фактілері жіберілген. Нәтижесінде Комитеттің 19 арызын сот қараусыз қалдырған. Комитеттің штатында 1 ғана заңгер бірлігі бар. Жыл сайын 280-300 шарты мен қосымша шарттарына қызмет көрсетіледі. Ауқымды жұмыс көлеміне және төмен еңбек ақыға байланысты үлкен мамандардың ауысуы орын алған. Үміткерлердің болмауына байланысты, заңгердің лауазымы бос орын болып қалып отыр. Нәижесінде заң жұмысының төмен деңгейі болып табылады. Министрлікпен Комитеттің заң қызметінің жұмысын күшейту үшін АШМ басқада құрылымдарынан 3 заңгерді іссапарға жіберуге шешім қабылданған.
  Жоғарыда көрсетілген ақпараттан, 73,1 млрд.теңге сомасына барлық заң бұзушылықтар (49,6 млн.теңге жұмыс көлемі расталмаған төлемнен басқа) қол қоюмен, түрлі құжаттарды уақытылы рәсімдеумен жойылатын процедуралық сипатты көрсетеді. Осы заң бұзушылықтар бюджеттік шығындардың үнемділігі мен тиімділігін білдіреді. Мемлекетке, мемлекеттік мүлікке, бюджетке шығын келтіру, ұрлау, зиян келтіру болмаған. Орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасы толығымен барлық құрылыс нормаларына сәйкес келеді. Су ресурстары комитеті бюджеттік қаражатты тиімді және үнемді жұмсау бойынша үлкен жұмыс өткізілді. 2012 жылдан бастап көптеген іске асырылатын және іске асыру жоспарланған жобаларға талдау жасалған. Сіздердің назарларыңызға жобаларды оңтайландыру нәтижелерінің қысқаша кестесін ұсынамыз:
Ауыз сумен жабдықтау және гидротехникалық құрылыстар жобаларының құнын талдау  
Жобалардың атаулары Жобалық, сметалық құны, млн.теңге Оңтайланды-рудан кейінгі сметалық құны, млн.теңге Үнемделетін млн.теңге Ескерту
СҚО Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту 94 196 28 717 65 479 Барлық АЕМ толығымен түгендеу. Келешегі жоқ ауылдарды алып тастау. Тұтынылатын судың көлемін, материалдардың құнын және оңтайландыру туралы барлық шараларды анықтау.
СҚО Есіл топтық су құбырын қайта жаңарту 92 261 16 097 76 164
СҚО Соколов топтық су құбырын қайта жаңарту 14 597 2 560 12 037
СҚО Преснов топтық су құбырын қайта жаңарту 83 904 9 626 74 278
Ақмола облысы Көкшетау ТС қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру 55 302,7 18 624,1 35 678,6
Павлодар облысы Беловод топтық су құбыры қайта жаңарту 5 554,9 3 552,4 2 002,5
Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын қайта жаңарту 21 100,0 6 015,0 15 085,0
Алматы облысында Бартоғай су қоймасы бөгетінің сейсмоорнықтылығын көтеру және қайта жаңарту 9 000,0 1 300,0 7 700,0 Гидроторап жұмысына әсер етпейтін жұмыс түрлерін алып тастау (тұнбаны мехтазалау)
Ақмола облысында суды бөлу және су есептеуді автоматтандыру жүйесін енгізумен Астана су қоймасының құрылыстарын қайта жаңарту және жетілдіру 31 605,8 2 750,0 28 855,8 Жұмыс түрлерін алып тастау (барлық су қоймасын қоршау)
Барлығы: 407 521,4 89 241,5 318 280,1
  2014 жылы қабылданған Су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мұқият талданған және оңтайландырылған:  
Мемлекеттік бағдарламаның қолданыстағы (05.04.2014ж.) және түзетілген (2015 жылғы жоба) бюджетінің салыстырмалы кестесі
Өлшем бірлігі Түзеткенге дейінгі (05.05.2014ж.) Түзетуден кейінгі (2015 жылғы жоба)
Бюджеттің шығыны млн.теңге 1535,1 480,7
Талап етілген, алайда пайдаланылмаған суармалы жерлерді пайдалануға енгізу (каналдар мен басқада гидротехникалық құрылыстардың бұзылу себебімен) мың га. 60,0 600,0
Су ресурстарын үнемдеу млрд.м3 0,9 2,4
Жер үсті суларын жинақтау млрд.м3 0,6 1,3
  Кестеде негізгі көрсеткіштер көрсетілген. Алдыңғы Бағдарламаның басқа барлық көрсеткіштері азаймаған. Тікелей және соңғы нәтижелердің көптеген көрсеткіштері айқын және аса нақты болды. Мемлекеттік бағдарламаны оңтайландыру «Қазсушар» РМК, Су ресурстары комитеті, Ауыл шаруашылығы министрігі құрылымдық бөліимшелері мамандары, су саласының ардагерлері мен ғалымдарының үлкен жұмысының арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, ешқандай қосымша қаржылық шығындар болмады. Барлық жоғарыда көрсетілген жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік қаражатты тиімді және үнемді жұмсауға тырысқанын көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламаның жобаларын оңтайландыру жеке көңіл бөлуді, зерттеуді және таратуды қажет етеді. Біздің ойымызша, Есеп комитеті осы жұмыс тәжірибесін мұқият қараулары және оны пайдалану үшін басқа мемлекеттік органдарға ұсынулары керек еді. 3-айлық тексеріс барысында он адамнан артық аналитиктер тобымен бүгінгі таңдағы дағдарыс уақытында мемлекет үшін қажетті, пайдалы және тиімді жұмысты өткізу толық мүмкін болар еді! «ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 2015 жылғы қызметінің нәтижелері және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы»   14.12.5015ж.                                                                                  Астана қаласы   ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің қорытынды алқа отырысында 2015 жылғы қызметінің нәтижесі және 2016 жылға арналған жоспары туралы айтылды. Ағымдағы жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті 2015 жылға облыстары мен бассейндер бөліндісінде суды пайдалану лимиттері әзірленіп, бекітілді. Аталған лимиттердің негізінде ірі су қоймаларының жұмыс режимдері белгіленді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және ауыз сумен жабдықтау қажеттіліктері есебімен қажетті су ресурстары жинақталған, олар толық көлемде қанағаттандырылды. Мемлекет Басшысының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 4649 және 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 4649-1 тапсырмаларына сәйкес Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыруды оңтайландыру бойынша жұмыстар орындалды, нысаналы индикаторлар, жылдар бойынша аралық мәндерді көрсетумен тікелей нәтижелердің міндеттері мен көрсеткіштері қайта қаралған.  
Мемлекеттік бағдарламаның қолданыстағы (05.04.2014ж.) және түзетілген (2015 жылғы жоба) бюджетінің салыстырмалы кестесі
Өлшем бірлігі Түзеткенге дейінгі (05.05.2014ж.) Түзетуден кейінгі (2015 жылғы жоба)
Бюджеттің шығыны млн.теңге 1535,1 480,7
Талап етілген, алайда пайдаланылмаған суармалы жерлерді пайдалануға енгізу (каналдар мен басқада гидротехникалық құрылыстардың бұзылу себебімен) мың га. 60,0 600,0
Су ресурстарын үнемдеу млрд.м3 0,9 2,4
Жер үсті суларын жинақтау млрд.м3 0,6 1,3
  Су қорын пайдалануды реттеу және қорғау аясында ағымдағы жылы бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделген болатын. Олардың ішінде Мемлекеттік су кадастрын құру және жер үсті су нысандарының сапа стандарттарын әзірлеу, төрт өзендердің бассейндері бойынша Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын жаңарту және Су ресурстарын басқару жөнінде бірыңғай ақпараттық-аналитикалық жүйе енгізілді. Трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы мемлекетаралық келісімді қамтамасыз ету аясында 2015 жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы келісім бойынша жауапты органдар мен сарапшылардың жұмысы қамтамасыз етілді. Тобыл-Торғай, Есіл және Шу-Талас бассейдерінің су айдындарында биоресурстарды құру және жай-күйіне Тобыл, Есіл, Шу және Талас трансшекаралық өзендер бойынша токсиканттардың келуі және гидрологиялық режимдердің әсерін талдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жыл басынан суды тұтыну мен су тартудың салыстырмалы нормаларының үш жүзден аса есептері қаралған. Су ресурстарын тиімді пайдалану принциптерін енгізу үшін суды тұтыну мен су тартудың іріленген нормаларын әзірлеу жүргізілуде. Су ресурстары комитетінің Бассейндік су инспекциясы (БСИ) 2015 жылдың 9 айында су және табиғатты қорғау заңнамаларының талаптарын суды пайдаланушылармен сақтау жөнінде 219 тексеріс өткізілді, ол 49 (28,8 пайыз) 2014 жылғы ұқсас кезеңнен артық. 254 заң бұзушылықтар анықталды, 188 анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар берілді, 175 әкімшілік айыппұл салынды. ҚР АШМ СРК Гидрологиялық-мелиоративтік қызметі 1,2 млн.га. алаңға суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін мониторингілеу және бағалау бойынша қызметті жүзеге асырады. ҚР АШМ СРК халықаралық қаржылық институттармен өзара іс-әрекет бойынша 113,0 мың га. жалпы алаңға суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі мен сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» (ИДЖЖ-2) жобасын іске асыруда. «Өскемен қаласында өнеркәсіптік ағыстарды тазалау және жер асты суларын қорғауды дамыту» жобасына ерекше назар аударуға болады. Бүгінгі күні үш аса басым ластау көздері бойынша жұмыстар толығымен аяқталған және ластанудың төртінші нысаны бойынша аяқтау күтілуде. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау. ІІ фазасы» (САРАТС-2) жобасын іске асыруға дайындалуда. ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында халықаралық қаржылық институттарды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні «Қазсушар» РМК 411,0 млн. АҚШ доллары сомасында инвестициялық қаражатты бөлу туралы Ислам Даму Банкімен келісушілікке қол жеткізді, олар Алматы облысының суармалы жерлерін қалпына келтіруге, Оңтүстік Қазақстан облысында тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру және Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыз сумен жабдықтау нысандары бойынша басталған құрылыстарды аяқтауға жұмсалатын болады. 235 «Гидротехникалық құрылыстарды, сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту» салалық бюджеттік бағдармаланы іске асыру аясында ҚР АШМ СРК жалпы сомасы 49,745 млрд.теңгеге 32 жобаларды іске асыруда. Оның ішінде 2015 жылы 11,084 млрд.теңге бөлінген және 01.12.2015ж. жағдай бойынша 9,046 млрд.теңге игерілді. Барлығы құрылыстың басынан бастап өткен жылдардың бюджетінің есебімен, аталған жобалар бойынша 25,5 млрд.теңге көлемінде бюджеттік қаражат игерілді. 12.12.2015ж. жағдайы бойынша мемлекеттік комиссия актісімен 6 нысан пайдалануға қабылданды, 3 нысан бойынша жұмыстар әлі жүргізілуде, 2015 жылғы желтоқсан айының аяғына дейін жұмыс комиссиясын өткізу күтілуде. 2016 жылдың бірінші жартысында тағы 9 сумен жабдықтау нысандарын аяқтау жоспарлануда. «Гидротехникалық құрылыстарды, сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту» бюджеттік бағдарламаның аясында ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 2015 жылы республикалық бюджеттен 7 566,5 млн.теңге 28 жобаға бөлінді. Оның ішінде 10.12.2015ж. жағдай бойынша 9-ы мемлекеттік комиссиямен тапсырылған, 6 413,7 млн.теңге игерілді. Жылдың соңына дейін күтілген игеру 100 пайызды құрайды. «Шаруашылықаралық каналдардың аса апатты учаскелерін және гидромелиорациялық құрылыстарды күрделі жөндеу және қалпына келтіру» салалық бюджеттік бағдарламаны іске асыру аясында жұмыстардың жалпы құны 1,432 млрд.теңгеге 4 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2015 жылы 0,817 млрд.теңге бөлінген. Осы нысандар 2015 жылдың желтоқсан айының аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Республикалық бюджеттік комиссияның шешімі бойынша «ОҚО Шардара ауданындағы Шардара су қоймасының Арнасай бөгетінде гидротехникалық құрылыстардың кешенін қайта жаңарту (2,3,4 кезектері)» жобасын іске асыру жалғастырылуда, 2,641 млрд.теңге бөлінген. Арнасай бөгетін салу өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартады: Шардара су қоймасында жұмысты толық ауқымды іске қосу үшін Шардара ГЭС электрэнергиясын өндіруді ұлғайту мүмкіндігін пайда болады, ол өз кезегінде жыл сайын қосымша 1,2 млрд. текше метр суға кепілдік береді. Оған қоса, жобаның аясында ОҚО екі ауданының арасында коммуникация жолын қысқартатын жолды салу көзделген. 2015 жылы Комитет су саласына қатысты Қазақстан Республикасының алты заңын әзірлеуге қатысты, сондай-ақ су шаруашылығы саласында он нормативтік-құқықтық актілер әзірленген және бекітілген. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру және сенімді басқаруға ұсыну қағидасы; Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлері; Тікелей су нысандарында орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидасы; Конкурстың негізде су нысандарын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру қағидасы; Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы бекітілді. Яғни,  жоғарыдағы нақты мәліметтер мен 24 желтоқсанда  24kz телеарнасының толыққанды сараптамасында көрсетілгендей, Су ресурстары комитетінде әрбір қаржы өз мақсатына жұмсалып, мемлекеттік бағдарламадан триллионнан аса теңге үнемделген. Сапар ӘЛІ qazaquni.kz