ҚАЗАҚ МИНИСТРГЕ РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ САУАЛ ҚОЮ ҚОРЛАУ ЕМЕС ПЕ?

Біратар

ҚҰЛДЫҚТАН ҚҰТЫЛҒАН НАМЫСТЫ САНАҒА ҚАШАН ЖЕТЕР ЕКЕНБІЗ?

Ыдырысов   Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа қазақ тілді журналист, «Жас Төленқазақ» газетінің Астанадағы тілшісі Төлен Тілеубайдың Ресей тілінде сұрақ қойғаны  көрермендердің көңіліне кірбің ұялатты. Тіпті,  кейінгі кезде қоғамдық сын пікірлерден кейін  қазақ тілінде сөйлеуге тырысып жүрген  министрдің өзі де түсініңкіремей қалды. «Бұл сұрақ маған емес, экономика министріне қойылуы керек еді» -деген Ерлан Ыдырысов дегенмен сұраққа өз шамасында жауап берді. Басқа өзін сыйлайтын журналистер қазақ тілінде сұрақ қойып, жауап алып жатты. Біздің айтайын дегеніміз, Тәуелсіз Қазақ елінің министріне ресми орында Ресейдің мемлекеттік тілінде сұрақ қою – қазақ министрге қорлық емес пе? Немесе, қазақ журналисінің қорлығын көрсетпей ме? Негізі,  ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ ӨКІЛІ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНДЕ СҰРАҚ ҚОЮ – деген  САНАҒА, ҚҰЛДЫҚТАН ҚҰТЫЛҒАН НАМЫСТЫ САНАҒА ҚАШАН ЖЕТР ЕКЕНБІЗ? Сапар Әлі Qazaquni.kz