Головкин жыл қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежесінде үздік атанды

22 желтоқсан

Америкалық  International Business Times басылымы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың рейтингін құрды, деп хабарлады sports.kz.

photo_41071 Бұл көшті 2015 жылы барлық негізгі халықаралық бокс ұйымдарының нұсқасы бойынша әлем чемпионы (72,5 кг дейін) атанған қазақстандық Геннадий Головкин бастады. International Business Times нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың рейтингі: 1.   Геннадий Головкин (Қазақстан) 2.   Роман Гонсалес (Никарагуа) 3.   Андре Уорд (АҚШ) 4.   Сауль Альварес (Мексика) 5.   Мэнни Пакиао (Филиппин) 6.   Сергей Ковалев (Ресей) 7.   Гильермо Ригондо (Куба) 8.   Теренс Крофорд (АҚШ).