Астана әкімдігі Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды айыра алмай ма?!. (фото)

Құдай-ау, бұл не мазақ?!. Кеше ғана Тәуелсіздік күнінде ескерткішке гүл шоқтарын қоюға жарамаған шенеуніктер туралы сөз қозғап едік, бүгін оның сорақысына тап болдық. Ол не дейсіз ғой?..

[caption id="attachment_43762" align="alignright" width="886"]2 Сурет: astana.gov.kz[/caption]

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Қазақ Елі" монументіне барып гүл шоқтарын неге қоймады деп жар салғанымыз ешнәрсе емес  екен. Оған көзіміз жеткені рас. Тек ішіміз ашығасын жаздық. Ұлт үшін қасық қанын аямаған бабабал рухына тағзым ету түгіл, Тәуелсіздік күнінің қандай мағынасы мен ұлылығы барын Елорда әкімдігі  түсінбейді екен-ау деп қалдық...

[caption id="attachment_43763" align="alignright" width="960"]3 Сурет: astana.gov.kz[/caption]

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында  жарияланған мына мақаладан кейін сіз бізбен толықтай келісесіз. Тәуелсіздік күнін Жаңа жылмен шатастырып алған Астана әкімдігінің бұл іс-әрекеті қазақ ұлтының ұлық күні - Тәуелсіздік күнін сыйламау! Жаңа жылдық шырша мен мики-маус сайтанның суреттерімен берілген мақаланы қалай түсінуге болады? Астана әкімдігі тәу етуі тиіс Тәуелсіздік күнінің атымен бас мерекені  айналып өтіп,  жандары құмар  Жаңа жылды шырша айналып сайқымазақ Мики-маустармен тойлап жатса, бұны қалай түсінеміз? Тәуелсіздіктің қадірін білмеген шенеуніктер халықты шыршаның айналасына жинап алып, соны Тәуелсіздік күніне арналған мереке деп атағаны барып тұрған көзбояушылық. Халық аңқау ғой, не біледі деген мекерлік алысқа апара қоймас...

[caption id="attachment_43761" align="aligncenter" width="652"]1 Сурет: astana.gov.kz[/caption]

Құрметті Әділбек Жақсыбеков! Сіз "Қазақ Елі" монументіне барып тағзым етпесеңіз етпеңіз. Алайда, Тәуелсіздік күнін осылай Жаңажылдық шырша айналып қорлауға бола ма? Әлде, қарамағыңызда жұмыс істеп жүргендер Тәуелсіздік күнін әбден Жаңа жылмен шатастырып алған ба?!. Осы сауатсыз, қазақ халқының намысына тиетін мақаланың жариялануына жол берген баспасөз хатшыңыз Жанар Утешеваның мақсаты сізді ел алдында кінәлі ету ме? Бұл жағын өзіңіз анықтарсыз деп білеміз.

Тәуелсіздік үшін қанын төккен бабалар аруағы кешірсін сіздерді!!!

Алтай АЛШЫНБАЙ

gu-gu.kz