Бас қаланың әкімі Тәуелсіздік күнінде «Қазақ Елі» монументіне неге гүл шоқтарын қоймады?!.

1899
3
Бөлісу:

«Қазақ үні» ұлттық порталындағы «Тәуелсіздік күнін елемейтін шенеуніктер Тәуелсіз Қазақстанда қызмет етпеуі керек» атты мақалаға орай, тағы бір сын мақаланы жариялауды жөн көрдік. Мәселен, 31 арнаның тілшілері Ахметжан Есімовтің Алматы қаласын басқарған 8 жылда бірде-бір рет Тәуелсіздік күнінде ескерткішке гүл шоқтарын қоймағанын алға тартқан болатын.

20150531113428

Осы орайда еліміздің бас қаласы Астананың әкімі Әділбек Жақсыбеков ойымызға бірден оралды. «Апама жездем сай демекші,» ол  елорданы басқарған уақыты ішінде әлі бір рет те Тәуелсіздік күнінде «Қазақ Елі» монументіне барып, гүл шоқтарын қоймады.

Бұл мәселе зиялы қауым өкілдері арасында да қызу талқылануда, Мысалы, ұлт зиялысы, ақын Қазыбек Иса өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазды:

«Бүгін Желтоқсан оқиғасына қатысушы жарым Жәннатпен бірге қызымыз Әминаны ертіп алып, Астанадағы «ҚАЗАҚ ЕЛІ» алаңына барып, ескерткішке гүл шоқтарын қойдық. Кеше 16-желтоқсанда үйде жеті шелпек пісіріп, боздақтарға құран оқылды.
Тәуелсіздік сарайы үстінде Көк туымыз желбіреп тұр екен.
Алаңда қар тазалап жүргендерден басқа ешкім жоқ. Жұмысшылардан «мұнда адамдар келіп кетті ме?»-десек, «Ешкім келген жоқ кешелі бері» деп жауап берді. Бізді суретке түсіріп жіберуге көмектескен Қайыргелді деген жұмысшы жігіт те Желтоқсанға Қарағандыда қатысқан екен.
Астанаға Желтоқсан құрбандарына ескерткіш қою керек деген ұсыныстар орынды екеніне көзім жетті.».

Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы, Тәуелсіз Қазақстанның төрінде шалқып жүрген шенділердің бірісіз. Ұлты үшін тар жол, тайғақ кешуден өткен боздақтардың қанымен келген Тәуелсіздік күнінде жарты сағат уақытыңызды қиып, «Қазақ Елі» монументіне гүл шоқтарын қоймағаныңызды қалай түсінеміз? Әрине, Астана әкімдігінің ресми сайтында сіздің Тәуелсіздік күнімен елордалықтарды құттықтаған сөзіңізді оқыдық. Алайда, оның да сіздің баспасөз хатшыңыз бен аппарат қызметкерлері тарапынан жазылатынын ескерсек, сіз өзіңізді осы дәрежеге жеткізген Тәуелсіз Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі күнін тіпті елемейтін секілдісіз…

gu-gu.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Сәкен 20 Желтоқсан, 2015 01:15 Жауап

    Әшейіндетүк маңызы жоқ, көңіл көтеретін жеңілтек шаралардан қалмайтын әкім Жақсыбеков ең маңызды шараны неге ұмытты екен?

  2. Іңкәр 20 Желтоқсан, 2015 01:21 Жауап

    Сонда Тәуелсіздік мерекесінде Астанада «Қазақ елі» монументіне барған жалғыз адам ақын, «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары Қазыбек Иса аға ғана болып тұр ғой… Қаптаған шенеуніктер, депутаттар, нұротандықтар қайда? Олар үшін Тәуелсіздіктің маңызы жоқ па? Ал Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің бармауы тіпті кешірімсіз келеңсіздік!

Пікір немесе жауап жазу