Даниал Ахметов мемлекеттік қаражатты үнемдеудің қыр-сырын біледі

ШҚО әкімі Даниал Ахметов дағдарыс кезінде мемлекеттік қаражатты корпоративтік кештерден ғана емес, басқа да жолмен үнемдеуге болады деп есептейді.

Фото altaynews.kz

Фото altaynews.kz

“Менің ойымша, корпоративтік кештер артық нәрсе екені сөзсіз. Бірақ, тек корпоративтік кештерден бюджет ресурстарын және жалпы ресурстарды үнемдеуге болады деп айтуға келмейді”, — деді Ахметов орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

Оның айтуынша, облыс биліктері қаражатты үнемдеу бойынша бірқатар шараларды белгілеп қойған, оның ішінде энергияны үнемдеу мәселелері де бар.

“Біз мысалы, қалаларымызды жарықтандыру жүйесін ауыстыруды жобалайтын ЕҚҚДБ-мен жұмыс істейміз. Ең аз дегенде 30-40% үнемдеуге болады, бизнес жоспарымыз жүзеге асырылып жатыр.  Екіншісі — Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес инфрақұрылымдық жобаларды тек бюджет есебінен ғана емес, даму институттары қаражаттарын тарту есебінен жүзеге асыру керек”, — деп қосты әкім.

Оның айтуынша, келесі шаралар бұл — жергілікті әкімдіктердің ағымдағы шығыстарын ең аз дегенде 30% қысқарту.