Путин қазақ командирі Серік Сұлтанғабиевті ерлігі үшін марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан тумасы полковник Серік Сұлтанғабиевті әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін марапаттады.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Полковник Серік Сұлтанғабиев —  әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін марапатталды. Ол 2014 жылы оқу-жаттығу шаралары кезінде сарбазды граната жарылысынан құтқарды”, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ресейдің әскери полигонында қазақ полковнигі гранатаны денесімен жауып, қасында болған сарбаздарды құтқарып қалған болатын.

Дереккөз: ИА "Новости-Казахстан"