Имекең – нағыз жас жігіт

*** Сынаса күшін, бәс тігіп, Сұсымен кетер, тасты үгіп. Отызға отыз қосқан жоқ, Имекең – нағыз жас жігіт. Халқым деп жүрген бас тігіп, Бұл кісі – елге басты үміт. Он тоғыз асты, қырықтан, Имекең – әлі жас жігіт. Жүрекке салып достық із, Имеке, айттық, тостты біз: Жасаңыз тағы қырық бір, Елуге тоғыз қостыңыз! Он жағында алты қыз, Сол жағында алты қыз. Ел қорғайды ер Имаш, Аман болсын, халқымыз! Серік Абас-шах