Бердібек Сапарбаевтың кенжесі қалай “Жәкеге” айналды?

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы әкімінің кенже ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың қымбат көлікті тізгіндеген суреті кең тарап, халық жаппай талқылаған болатын. Жансұлтанның әлеуметтік желілердегі аккаунты да түрлі қызықтарға толы. Өкінішке орай, әкімнің баласы біз материалды дайындау барысында Инстаграммдағы аккаунтын сырт көзге жауып тастады.

жансултан 1

Көп ұзамай Жансұлтан Сапарбаев көліктің өзінікі емес екенін айтып, БАҚ-қа түсініктеме берген. Сонымен Бердібек Сапарбаевтың кенже ұлы қандай қызметте? «Қазақмыс» корпорациясы басқармасының төрағасы қызметінен өз мансабын бастаған Жансұлтан кейін «Бәйтерек» холдингінде дәл сондай қызметке тұрады. Ал бүгінде ол “Бәйтерек” холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевтың көмекшісі… Кіші Сапарбаевтың көмекші ретінде немен айналысатыны белгісіз», – деп жазады “total.kz”. Не де болса, Жаникөштен Жәкеге көтерілгенін Жансұлтан Сапарбаев мақтан тұтатыны байқалады. джонни3 Ол қызметтегі фотоларын желідегі жеке парақшасында бөлісуді артық санамаған. джонни жансултан джонни2 Парақшасын ақтарсаңыз Жансұлтанның спортты, қымбат көліктерді және әлем аралағанды ұнататынын бірден байқайсыз. джонни4