Қазақ қазынасынан байыған миллиардерлер қымбат яхта алудан жарысып жатыр...

5 желтоқсан

Өткен аптада қазақстандық миллиардер Александр Машкевичтің 150 млн еуро тұратын яхтасы БАҚ назарына іліккен болатын. Өзге қалталы азамат Әлижан Ибрагимов те Бодрумға құны 140 млн евро тұратын яхтамен келіп, бір шулатқан еді. Отандық миллиардерлер қымбат яхта алудан жарысқа түскен сыңайлы.

801757bdcff8c75e0e287bf35784e99f_500_0_0

Александр Машкевичтің яхтасы

Қырғызстан тумасы Александр Машкевичке тиесілі, жақында ғана құрылысы аяқталған Леди Лара мегаяхтасы үлкендігі жағынан әлем бойынша 51 орында тұр және оның құны 150 млн еуро деп жазады Daily Mail. Леди Лараны Ларсен Яхтс (Lürssen Yachts ) компаниясы салған. Бортында VIP-үй-жайлары, үлкен жасанды жағажай, жаттығу залы, джакузи, бассейн, тіпті тікұшақ алаңы да бар. Яхта Машкевичтің әйелі Лариса Васильевна Машкевичтің құрметіне қойылған деп болжануда. e8e43f7f16523778682ccd9d41daf2b8_500_0_0 Айта кетерлігі, Александр Машкевич – тағы бір Lady Lara яхтасының қожайыны. Оның құны – $35 млн. 2009 жылғы бұл яхтамен әрі қарай қыдырудан ұялған Машкевич оны сатылымға қойып, су жаңа яхтасымен мақтанды.

Әлижан Ибрагимовтың яхтасы

Ал 8 қыркүйекте түркиялық Бодрумның танымал Ялыкавак айлағында ірі 101 метрлік IDYNASTY яхтасы жұртшылықтың назарын аудартты. Оның қожайыны Қазақстанның ең қалталы бизнесмендерінің бірі Әлижан Ибрагимов болып шықты. Миллиардер Миканос атты грекиялық аралдан Түркияның жағажайына әйелінің туылған күнін тойлату үшін келген. Яхта IDYNASTY. Фото yachtconsult.ru Ибрагимовқа тиесілі IDYNASTY яхтасының ұзындығы 101 метр. Ішінде барлық ыңғайлықтары бар яхтада 33 адам қызмет етеді. IDYNASTY-дің құны – 140 млн еуро. Алиджан Ибрагимов. Фото time.kz Әлижан Ибрагимовтің әйелінің туған күнін тойлатуға бизнестегі әріптестері мен жақын достары Патох Шодиев және Александр Машкевич те қосылған. Айта кетерлігі, «Форбс» басылымы Ибрагимовты Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері қатарына жатқызады. Оның мүлкі $2.2 млрд-қа бағаланған. Бизнесмен – «Еуразиялық банк» президенті әрі Eurasian National Resources Corporation компаниясын иеленушілердің бірі. Тағы бір отандық миллиардер Махмуд Шодиев болса, қымбат яхтадан гөрі тамақ өндірісіне ақшасын құйғанды жөн санаған. 5 жыл бұрын миллиардер тағамдар әзірлейтін “Беккер и К” компаниясын сатып алған. Дегенмен кім біледі? Бұл қалталы азаматтың да ел назарына ілігіп үлгермеген қымбат яхтасы бар шығар? Алайда отандық миллиардерлер арасында қымбат яхтамен мақтанғанды абырой санамайтындары да бар. Мәселен “Қазақмыс” компаниясының ірі акционерлерінің бірі Олег Новачук өзінің ондай дүниелерге қызықпайтынын БАҚ-қа сұхбатында ашық айтқан. “Мен ақшаны әмиянда ұстап, яхтада жүзетін миллардерлер қатарында емеспін. Маған Қазақстанға инвестиция құю маңыздырақ”, – деп ағынан жарылған болатын Новачук.