Ақынның ескерткішін қорлаған бойжеткен заң алдында жауап беруі тиіс

1969
2
Бөлісу:

Ақын Әбділдә Тәжібаевтың ескерткішіне мініп, суретке түскен қызылордалық қыз көпшіліктің ашуын келтірді. Белсенділер полицейлерден селфилеткіш бойжеткенді тауып, жазалауды сұрауда.

кыз

Ғаламторда Қызылорда қаласында орналасқан ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтың ескерткішіне мініп, суретке түскен бойжеткеннің фотосы пайда болды. Көпшілік бір ауыздан селфишіл қызды «әруақ сыйламайды, сүйікті ақынды құрметтемеді» деп сөгіп, тәртіп сақшыларынан дереу тауып, жазаулауды талап етіп отыр.

Дегенмен де белсенді халықтың басым көпшілігі Қызылорда тумалары болғанымен, әзірге ешкім полицейлерге арыз түсірмеген. Қысқа шорты киіп, ашық-шашық отырған бойжеткен бұл суретке жаз кезінде түскені көрініп тұр.

^B9A2784AA7D4890562AAD22D20BE585F3A78AA1BC7A2D9B918^pimgpsh_fullsize_distr

Естеріңізге сала кетсек, осы күнге дейін ескерткішке аяғын қойып суретке түскен талай қазақстандық әкімшілік жазаға тартылған болатын. Жастықтың буымен жаңа қызық тапқандардың алды 20 мың теңгеден аса айыппұл төлеп, әрең құтылған.

Дереккөз: NUR.KZ
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Алаш 5 Желтоқсан, 2015 18:24 Жауап

    Алдымен осы туралы қатаң заң шығару керек, сосын ол жауапкершілік туралы БАҚ арқылы жастарға жеткізу керек, әйтпесе бұл әрекеттер шексіз жалғаса береді. :oilanu:

  2. Алаш 5 Желтоқсан, 2015 18:25 Жауап

    Алдымен осы туралы қатаң заң шығару керек, сосын ол жауапкершілік туралы БАҚ арқылы жастарға жеткізу керек, әйтпесе бұл әрекеттер шексіз жалғаса береді. :oilanu: :oilanu:

Пікір немесе жауап жазу