МИНИСТРЛІКТЕР ҮЙІ ҚАЗАҚША БІЛМЕЙ МЕ? Әлде Астана Ресей губерниясы ма?

3856
27
Бөлісу:

 

ministrler yii

       Бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекесіндегі көтеріңкі көңіл күйді басқа емес… Астанадағы Министрліктер үйі бұзды…

Астанадағы Орынбор көшесіндегі Министрліктер үйінің маңдайшасында  Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Ресей Федерациясының мемлекеттік тілінде  «С ДНЕМ ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА» деп жарқыратып A-Jahsibek 2жазып қойыпты. Сонда Тәуелсіздігіне ширек ғасыр толғалы тұрған Қазақстанның мемлекетік тілі жоқ па? Әлде, Астана қаласы әкімі Әділбек Жақсыбеков өзі Қазақстанның мемлекеттік тілі- ана тіліне шорқақ болғасын, тек өзі жақсы сөйлейтін Ресей тілін ғана мойындай ма? Мемлекеттіктіл тұрғанда, өзге тілді қосарландырудан қашан құтыламыз?

qazaquni.kz

ministrler yii 2

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 27 пікір жазылған

  1. Самат 1 Желтоқсан, 2015 23:47 Жауап

    Қазыбек аға, Сіз көпті көрген тəжірибелі адамсыз ғой. Жақтым күйе, жаптым жала ғой мынауыңыз.

  2. Қолқоюсыз 2 Желтоқсан, 2015 01:12 Жауап

    Самат неге олай айтасыз, дурыско неге казакшалап жазбайды, акымдер кайда карап отыр

  3. Махамбет 2 Желтоқсан, 2015 01:26 Жауап

    Самат, сонла Қазыбек аға өтірік айтып отыр ма, сеніңше? Фотосы тұр ғой, көзің бар ма? Қазыбек ағалар турасын айтып, шындықты жазып отыр. Сен әлде әкімдіктің кеңсе малайысың ба?

  4. Cенбек Сансызбайұлы 2 Желтоқсан, 2015 10:45 Жауап

    Біріншіден министрлер үйі емес, министрліктер үйі. Екінші айтар нәрсе қала әкімдігі орыс тілінде жазғанына қарағанда Ресей Президентін меңзеген болар!

  5. Айдар 2 Желтоқсан, 2015 11:41 Жауап

    Әйтеуір бір осындай әңгіме болатың сөз тауып аламыз мүмкің арканың арғы бетіңде қазақша жазылып тұрған шығар.

  6. Апай 2 Желтоқсан, 2015 13:39 Жауап

    «Қазақпыз» деп кеудемізді соғамыз. Ал пікірлеріңізде неше қате бар. Сауатты жаза алмаймыз, ағайын! Тәуелсіздігімізді алғалы ғасырдың жартысы өтседе, сауатсыз болып қалмаймыз ба деп уайымдаймын.

  7. Мәди 2 Желтоқсан, 2015 14:56 Жауап

    Айдос, Келесі арка – келесі ғимарат. Оған таксимен, көлікпен барады адамдар. Сонда бұл жерде жалғыз Ресей тілінде жазылып тұр деп санауға толық негіз бар.

  8. Әли 2 Желтоқсан, 2015 15:36 Жауап

    Қызық. Қазақшасы Министрліктер үйінің оң жағында жазылып тұр. Күнде Орыбормен жүрген соң, өз көзімен көрдім. Шет жағасын білмей, жаза саласыз да. Олай болмайды ғой.

  9. Гүлшат 2 Желтоқсан, 2015 16:06 Жауап

    Орысшасының керегі жоқ еді. Тек арғы жағынада бергі жағынада қазақша жазша қандай мереке екенін білмейді емес. Біз негізі қой басынан қорқа береміз. Не сол қазақшаның астына 2 есе кіші әріппен орысшасын жаз. Ал уөшу шығарма дейтіндерге айтарым мәселеге басқа қырынанда бір көз таста сонда астарын көресің. Ешкімді кемсітуде емес, өзіңді жоғары ұстауды үйренесің.

  10. Арман 2 Желтоқсан, 2015 17:18 Жауап

    Мәселеге саяз түрде қарамай терең бойлап шу шығара бермеген абзал. Әркім өзінен бастасын ағайын біреулерді сөккенде сот спеттеспіз ал өзімізге келгенде адвокатп бола қаламыз

  11. Аида 3 Желтоқсан, 2015 13:47 Жауап

    Апай сіз өзіңіз өтседе деп сөзіңізді шылауға қосып бірге жазыпсыз. Өзіңіз қате жазбасаңыз екен. Әңгіме орфографиялық қателікте емес, улттық рух қателігінде деп білемін!

Пікір немесе жауап жазу