Бізбен бірге күліңіз!

10yLx3tWK3A Әзіл-шыны аралас Бір келіншек психиатрға қаралуға келеді: – Бір ай болды, күнде түсімде күйеуімді көре беремін. – Жақсы емес пе қайта… – Көргім келмейді сол оңбағанды… *** Мұғалім оқушыға: – Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды? – Шешемнің қолы тимейді. *** Бастық көмекшісіне: – Мен саған бір сағаттық баяндама жаз деп едім ғой. Ал мен оны екі сағат оқыдым. – Өзіңіз ғой, көшірмесін бірге алып кеткен… *** Әйелі күйеуіне: – Сен кеше неге үйде қонбадың? – Үйленгенімізге бес жыл болды. Осы сұрақты айына бір рет қоймасаң, көңілің көншімей ме? *** Полиция бөлімшесінде... – Көлігіңіздің ұрланғанын бізге неге ертерек айтпағансыз? – Ұрылар көлігімді жақсылап жөндесін дегенім ғой… *** Білгім келген бір сұрақ: – Қытай мен МАИ қызметкерінің ұқсастығы неде? – Екеуі де тамақты таяқпен жейді. *** МАИ қызметкерінен сұрайды: – Егер де ешкім жол ережесін бұзбай, жұмыссыз қалсаң не істейсің? – Әскери бөлімшеге ауысып кетем. – Әлемде бейбітшілік орнап, әскерилер керек болмай қалса, қайтесің? – Өрт сөндіруші боламын. – Болашақта құрылыстар жанбайтын материалдардан салынып, өрт болмайтын болса, қайтесің? – Мен бәрібір ештеңе істемеймін, жұмыс істемеймін ғой. * * * Бір еркек психологтың алдында отыр: – Маған бір нәрсе жетпейтін сияқты. Өмірден жалыға бастадым. Жаңа сезімдерді бастан өткергім келеді. – Тоқал алыңыз. – Ондайлардың менде үшеуі бар. – Онда олар жайлы әйеліңізге айтып беріңіз.