Қазақстанда қазақша атаулар қоюды қалайша қисынсыз дейсіз, Сәтжан ханым?!.

3304
4
Бөлісу:

Жақында қазақстандықтар әлеуметтік желілерде танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның Астанадағы “Монако” атты қонақүйінің қазақша емес атауына шүйліккен еді.

динара сатжан 1

Көрермендердің өткір сынына қатысты тележүргізуші де көп кешіктірмей өз пікірін білдірді, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.

“Жұрттың көбі менен қонақүйдің неге “Монако” деп аталатынын сұрайды. Себебі мейманхана астаналық “Милан” және “Париж” кварталдарының ортасында тұр. Егер ол “Бәйтерек”, “Көктөбе” немесе “Алматы” деп аталса, қисынсыз болар еді”, – дейді Динара Сәтжан.

Белгілі тұлғаның айтуынша, аталмыш кварталдар  Еуропаның әсем көшелерін еске түсіреді. Ал Монако мемлекеті – Франция мен Италияның төңірегіндегі көрікті князьдық.

“Біздің қонақүй әрі бутик қызметін де атқарады. Оның ішінде небәрі 46 жатын орын болмақ. Қонақтарға көрсететін қызмет түрлері де ерекше болмақ”, – дейді қонақүй иесі Сәтжан.

Сондай-ақ, “Монакоға” ат басын бұратын тұлғалар тәулігіне 21 мың теңге төлемек. Тележүргізушінің пікірінше, осындай жоғары деңгейлі мейманханалар үшін мұндай арзан бағаны елордада табу мүмкін емес.
Динара Сәтжан қонақүйге эстрада жұлдыздары, саясаткерлер, қоғам қайраткерлерінің келгенін қалайтынын жасырмады. Қонақтар бір-бірімен емін-еркін әңгімелесіп, сұхбаттаса алады.

Тележүргізуші қонақүйдің ресми ашылу рәсіміне қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин мен отандық балет бишісі Досжан Табылдыны шақырған.

Дереккөз: NUR.KZ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Сүгірбай 30 Қараша, 2015 18:04 Жауап

    Осы əртістер жəне теледидар журналистері шетінен миллиардер болған ба.? Қазақша нышаны жоқ нысандарға архитектура рұқсат бермесе, озінен өзі қисынын келтіріп атау табар еді.əттең заң соларда

  2. Дала 1 1 Қазан, 2017 02:14 Жауап

    Не деп сандырақтап оттаған.Астанада париж монок,милан ,аттары бар дейді..Ол не масқара дереу бұл аттарды түбі рімен құрту керек.. Осы бұл сайқал дардан кім сұрапты,былшылдамасын.қандай ат қойамыз деп.Бәр жерге қазақ ша ат қою керек..
    Басқа шет ел мемлекет тер Қазақ ша ат қояма екен ?шакалы.. Тем боллее капір какой то шошқа жейтін дер аты..
    Контроль жоқтықтан масқара қылды ғой бүкіл қазақты..

    • Айгерім 26 Қаңтар, 2018 16:50 Жауап

      Меніңше, мына сіз сияқты өз ойын дұрыс сөздермен жеткізе алмайтын адамдар қазақты масқара қылады. Айтып отырғаныңыз дұрыс болса да, сіздің пікіріңізді оқу жиіркенішті.

Пікір немесе жауап жазу

3 × 4 =