Режеп Тайып Ердоған: Мен Ресейге отпен ойнамауға кеңес беремін!..

Ресеймен қарым-қатынастардың Түркия үшін маңызы зор, оларға нұқсан келмеуі керек, деп мәлім етті Түркия президенті Тайып Ердоған. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

“Ресеймен қарым-қатынастар біз үшін өте маңызды. Бізде ынтымақтастық үшін зор әлеует бар. Және де біз оларға нұқсан келгенін қаламаймыз”, — деді Ердоған жұмада Байбұрт қаласында өткен митингте.

Бұл ретте, ол Ресейге “отпен ойнамауға” кеңес береді.

“Отпен ойнау — өз халқына қарсы террорға жол ашқан Асадтың режимін қолдау… Мен Ресейге шын жүректен отпен ойнамауға кеңес беремін”, — деді Ердоған.

Сондай-ақ Ердоған Парижде өтетін климаттық саммитте Ресей президенті Владимир Путинмен кездескісі келетінін айтты.