Байқоңырды пайдаланып отырған Ресей қала дамуына 1 тиын да бөлмеген

900
2
Бөлісу:

Қазақтың жан жарасына айналған Байқоңыр қаласының тұрғындары жаппай жұмысынан айырылуда. Себебі біздің жерді жалға алған Ресей бүгінге дейін қаланың дамуына 1 тиын ақша бөлмеген.

3байконур

Фото: rosinform.ru

Нәтижесінде 641 азамат жұмыстан шығарылған. Оның 409-ы – қазақстандықтар деп хабарлайды Алматы арнасы.

Осыдан кейін Қызылорда облысы әкімдігі дереу іске араласқан соң, 75 отандасымызды қайта жұмыспен қамтыпты.

Айта кетейік, қазақтың жері болғанмен, Ресейге жалға берілген қалада түсінбеушілік көп. Мәселен, біздің ел 2008 жылы аурухана салған Байқоңырға, бірақ ол әлі күнге қабылданбай отыр. Медициналық мекеме ісін бастаса, 241 маманды жұмыспен қамтуға қабілетті. Осы мәселені Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев та үкімет отырысында көтерген болатын.

Дереккөз: Алматы ТВ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Сүгірбай 28 Қараша, 2015 10:01 Жауап

    Осы Байқоңырды бір мемлекет ішінен орыс-қазақ деп бөлшектегенше біржола қазақ елі өз қарамағына алсын.өз елінде өгейдің күнін көрген бауырларымызды өз қамқорымызға алу керек

  2. Тау 16 Желтоқсан, 2017 23:55 Жауап

    Ол аурухананы қабылдап алса бүкіл ауырғандар қайдан қашан неге .неден пайда болады деген сұрақ тумас үшін қабылдамайды

Пікір немесе жауап жазу

4 × 4 =