Бюджет қаржысына құны 400 000 еуродан жоғары тұратын қызметтік көлікті сатып алған шенеунік кім?!.

Астана тұрғыны таңғаларлық жайттың куәсі болды. Елорда көшелерінде құны 400 мың еуродан жоғары тұратын қызметтік көлік жүйткіп жүр.

колик1

Бұл туралы auto.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Германияда жасалатын қымбат алты дөңгелекті Mercedes G63 AMG көлігі шығарушы елде шамамен 400 мың еуро тұрады. Ал Қазақстанда бұл баға екі еселенуі мүмкін.

Мемлекеттік тіркеу белгілеріне қараған тұрғын көліктің қызметтік екенін біліп, таң қалған (KZ 257 ADM). Темір тұлпардың ел бюджетінен сатып алынғаны анық.

колик3

Тұрғын көлік үкіметте немесе президент әкімшілігінде жұмыс істейтіндерге тиесілі деп болжап отыр.  5,5-литрлік турбодизелі бар бұл көлік қандай мақсатта пайдаланылатыны әзірге белгісіз. Сонымен қатар, халық қалаулыларына не себепті 200 мың доллар тұратын “қарапайым” көліктер жақпай қалғаны да түсініксіз.

колик2

qazaquni.kz