Оқушылар әкімдік сайтындағы сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты қолдан жасады

© Alau.kz

© Alau.kz

Қостанайлық оқушылар мектепке бармау үшін ерекше айлаға барды, - деп хабарлайды "Алау". Олар сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты қолдан жасады.

Жаңалықтар сайттарына, телеарналарға, сонымен қатар, жергілікті әкімдіктің сайтына жарияланған жаңалықтың жалған скриншоты әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Онда 26 қараша күні №7, 17 және 21 мектептерде бірінші, екінші ауысымда оқитындар үшін сабақтың болмайтыны жазылған.

Бұрмалау дерегін Қостанай Білім объектілерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Евгений Терентьев тапқан. Мысалы, жалған хабарламада фоторедактордың көмегімен бұрынғы уақыт көрсетілген цифрлар өшіріліп, сол күнгі уақыт жазылған.

Жас алаяқтар Қостанай әкімдігі сайтындағы "ресми" ақпаратты да қолдан жасаған. Бірнеше уақыт өткеннен скриншоттар өшірілді.

Айта кету керек, Қостанайда өткен күндері қатты көктайғаққа байланысты сабақтар шынымен де болмады.

tengrinews.kz