2015 жылы Маңғыстауға 25 мың турист сапар шеккен

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Маңғыстау филиалында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова хабарлады. Негізінен, бұл Жапония, Австрия, Голландия, Латвия, Ресей, Испания және Германия азаматтары.

- Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 87,1 %-ға жоғары. Маңғыстау облысына өз көліктерімен саяхат жасайтын Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындарынан тұратын ішкі туризмге қатынасатындар саны да 7,9 %-ға артқан. Ішкі және келушілер туризм көрсеткішінің ұлғаюы көлік логистикасының жақсаруы, қонақүй инфрақұрылымының кеңеюі және демалыс базаларының қайта құрылуы бойынша жобалардың жүзеге асырылуына байланысты. Сонымен қатар, белсенді демалысты ұнататындар саяхаттың экскурсиялық бағыттарды, дайвинг, сафари, парапланеризм түрлерін таңдай алады, - деп атап айтты Гүлжан Байжаунова.

Туристтер тарапынан аймақ табиғатының бірегей ландшафттарына, көптеген тарихи-мәдени және этникалық мұралардың ескерткіштеріне деген қызығушылықтарын ескере отырып, Маңғыстау облысының аудандары қонақүй бизнесін дамытуда. Айталық, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында 100 орындық қонақүйдің құрылысы басталды, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында 3-4 мүшесі бар отбасын күтуге арналған қонақтар үйі өз жұмысын бастады. Бейнеу ауданында қолданыстағы “Арна” қонақүйінің сыйымдылық тұрағы ұлғайтылды.

- Алдымыздағы жылы “Даму” Қорының қолдауымен төмендегідей бірқатар жобаларды қаржыландыру жоспарлануда - “Когез елді-мекенінде этноауыл құру”, “”Достар” демалыс базасын қайта құру және кеңейту” мен “Жастар хостелін жайластыру”. “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Түпқараған ауданы әкімдігінің тарапынан Тамшалы шатқалына, Саура арнасына, Сұлтан-апа мен Шақпақ-ата қорымдарына дейінгі кіре беріс жолдарды қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бүгінде мемлекеттік сараптманың оң қорытындылары алынды. Туризм басқармасы тарапынан аталмыш жолдарды қайта құру үшін 2016 жылы 2500,56 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу туралы бюджеттік тапсырыс берілді, - деп хабарладыМаңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова.

Сөз кезегінде айтарымыз, осы жылдың аяғына дейін Ақтау қаласының жағалауында Маңғыстау облысы туризм басқармасының ұйымдастыруымен аймақтың көрнекі жерлері мен бірегей табиғи нысандарын паш ететін көрмелік құрылым орнатылатын болады.

Mangystau Online ақпараттық орталығы