Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!

4b98a0bb06_343crop Дәл осындай тақырыпта облыстық Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында кең ауқымды акция өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов қатысып, аймақта нашақорлықтың алдын-алу бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Шарада сөз алғандар ішкі саясат, денсаулық сақтау бөлімдері, жастар орталығы бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту саласында облыста қоғамдық ұйым жетекшілерімен, белсенді азаматтарымен өткізіліп жатқан жұмыстарды жан-жақты әңгімеледі. Сондай-ақ, облыста нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссия белсенді жұмыс жасайтыны, қоғамға, адамзатқа қатерлі нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу шараларына құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау орындары, қоғамдық ұйымдар бірігіп бірқатар нақты жұмыстар атқарып жатқаны жайлы айтылды. Жасөспірімдер мен оқушылар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне  қарсы  күресу, зиянды заттарды тұтынудың, темекі шегушіліктің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға өлкеге белгілі спортшылар, мәдениет қызметкерлері, жоғары оқу орнынның студенттері, мектеп оқушылары  қатысты.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы