Нұрсұлтан Назарбаев немерелерінің қызмет жолына араласқысы келмейді

31 қазан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев немерелерінің өздері таңдаған кәсіби жолмен жүргенін қалайды.

нзрб Бұл туралы Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында онлайн-брифингте Tengrinews.kz порталының сауалына жауап берген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлім етті. «Нұрсұлтан Назарбаев немересі Айсұлтанның Қазақстан Футбол федерациясының президенті болу ниетіне қалай қарайды? Мемлекет басшысы немерелерінің бойынан жалпы саясатқа деген қызығушылықты байқай ма?» деген сауалға Дәурен Абаев былай деп жауап берді: «Мемлекет басшысы немерелері өздері таңдаған кәсіби жолмен жүруі тиіс деген пікірді ұстанып отыр. Әрине, олардың әрбір жетістігіне қуанышты, алайда немерелерінің мансап жолында қалыптасуын сырттай бақылағанды жөн санайды. Футбол федерациясына қатысты жағдайға келсек, бұл өз шешімдерін қабылдауда ешкімге тәуелді емес қоғамдық ұйым екені белгілі. Әрі оның алдағы тағдырын елдің футбол қауымдастығынан басқа ешкім де айқындай алмайды.