Қош бол, Porshe Panamera!..

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы, коррупция қылмысына қатысты күдікпен үйқамақта отырған Талғат Ермегияевтің бауыры Азат Ермегияевтің иелігіндегі автокөлікті тәркілеу туралы қаулыны күшінде қалдырды.

jk23jk5jh656h5j6h565j6h

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Талғат Ермегияевке қатысты тергеу ісі аясында Porshe Panamera маркалы автомашина бірінші сатыдағы сот шешімімен шілденің 1-і күні тыйым тәркіленген.

Апелляциялық сот өз шешіміне негіз ретінде даулы көліктің тергеу материалдарында «Талғат Ермегияев қылмыстық іс-әрекет жасаған деген болжамды кезеңде сатып алынғаны» туралы айтылғанын көрсеткен. Сот қаулысында аталған автокөлік «күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті нәтижесінде» сатып алынған болуы ықтимал делінген.

2015 жылдың 6 маусымында ақшаны сыйлау келісімшартына сәйкес, А.Ермегияев әкесі Амангелді Ермегияевтен көлікті сатып алу үшін сыйға 25 млн теңге алған. 10 маусымда Ермегияев А.Ермегияев Porshe Panamera-ны сатып алды.

Талғат Ермегияев биыл маусымда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылған соң бірнеше күннен кейін қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, сот шешімімен үйқамаққа алынған. Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ермегияевтің «4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді» деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Астанада 2017 жылы өткізу жоспарланған халықаралық көрмеге дайындықпен айналысады.

Дереккөз: Азаттық