"Ұлт жоспары" - ұлттық дамудың бас реформасы

100 Президент Н.Ә.Назарбаев бұл жоспарды «Ұлт жоспары» деп атап «100 қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз», - деді. Алдағы 10-15 жылда орындалатын «нөмірі бірінші» тапсырма деп баса айтты. Сондай-ақ, жоғары білім аясындағы жаңа мүмкіндіктер мен оның болашағын осы реформалар контексінде жүзеге асыру бағыттарын айқындады. Реформаның 78-қадамында (Академиялық және басқару­шылық автономияның Назарбаев университеті тәжі­рибесі есебінен сатылы кеңеюі. Коммерциялық емес ұйымдарға халықаралық практикаға сәйкес жеке университеттердің трансформациясы) көрсетілген жоспарлар А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басты назарға алынып отыр. Қазақстан және Түркия Республикаларының Үкіметімен бекітілген университеттің Үкіметаралық Өкілетті Кеңесі жұмыс жасайды. Үкіметаралық Өкілетті Кеңес университеттің Өкіміне сәйкес 10 мүшеден тұрады. Қазақстан Республикасы тарапынан 5 мүше, Түркия Республикасы тарапынан 5 мүше сайланады. Ахмет Яссауи университе­тінде сондай-ақ, Академиялық басқарушылық автономияны кеңейту мақсатында түрлі деңгейдегі шаралар ұйым­дас­тырылып келеді. Білім беру бағдарламалары халықара­лық стандарттарға сәйкестендіріліп, 2015-2016 оқу жылында білім алмасудың халықаралық бағдарламалары бойынша университетіміздің 400 студенті Еуропа, Түркия және ТМД елдерінде 1 семестрге білім алу үшін жіберілуде. Сондай-ақ, алыс шетелдердегі Жоғары оқу орындарынан 100 алдыңғы қатардағы визитинг-профессорлардың шақыртылуы жоспарланған. Сонымен қатар, университетте ғылымының әлеуетін арттыруға, ғалымдарды ынталандыру жұмыстары да ерекше қолдау табуда және осы бағытқа 400 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Ал келесі жылы сол қаржыны 450 миллионға жеткізу межесі белгіленді. Ахмет Яссауи универси­тетінің ұжымы Елбасымыздың сарабдал саясатын әрдайым қолдап, білім және ғылым саласындағы реформаларын іске асыру бағытында белсене қызмет етуде. Осы орайда қазан айының басында Анталияда өткен университеттің Өкілетті Кеңесі отырысында Н.Ә.Назарбаевтың «Қалыптасқан жағдай өзара экономикалық ықпалдастықты жандандыру қажеттігін көрсе­тіп отыр. Ғылым мен білім сала­сындағы ынтымақтастық аясын кеңейту де аса маңызды. Түркі әлемінің білім кеңістігін қалыптастыруды жеделдету үшін Түркістандағы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін түркі әлемінің ортақ оқу орнына айналдырған жөн» деп айтқан сөзін қолдау мақ­сатында тиісті іс-шаралар жос­пары айқындалып, Түркия тара­пынан түркі елдері мен қауым­дастықтарына берілетін грант саны 200-ден 400-ге артты.

Талжан РАИМБЕРДИЕВ, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің вице-президенті, профессор