Әкім жалтақ болса кім басынбайды?

4. К.Нукенов

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мырзаның назарына

Биыл елімізде Жеңістің 70 жылдығы құрметіне орай соғыста ерлік көрсеткен майдангерлердің есімдері көшелерге беріліп, қазақстандық жауынгерлердің қаһармандығын қазақстандық патриотизм сезімінің бастау-көздерінің бірі ретінде ұлықтау шаралары жүргізілуде. Алайда Ақсу қаласында осы бағытта қолға алынған істің тұралап тұрғанын журналист Есенбек Санатұлы "Қашанғы жалтақтай береміз?» атты жарияланымында (http://www.oinet.kz/news/onir/i2419) ашына баяндаған екен.

2.Х.ДоспановаЖуырда (22.10.2015) осыған ұқсас келеңсіз жайттың Ақсу қаласының ауылдық аймағына енетін Ақсу кентінде де орын алғанына куә болдық. Мәдениет үйінде қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы кенттегі үш көше: Театральная, 8-я Марта, Набережная көшелерін қаһарман майдангерлер: Рақымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова, Шамил Ташмағамбетовтың есімдерімен қайта атау мәселесі жөнінде өткізілгенқоғамдық тыңдау жүйесіздігімен ерекшеленді. Жарыссөзге қатысушылар белгіленген уақыт тәртібін сақтамай әрі тақырыптан ауытқып, сезім ауанымен үстемелете сөз саптады! Ферроқорытпа зауытынан зейнеткерлікке шыққан Виталий Максимович ШерШ. Ташмагамбетовбатых тәрізді өзге ұлт өкілдері көшелерді қайта атауға жеке қарсылығын танытумен тынбай, аталмыш көшелердің тұрғындары атынан ұйымдастырылған өтінішті оқып берді!.. Талап-тілегі орынды шығар деген оймен айтқандарына құлақ түрдік. Бірақ «Бұл көшелерде біздің жастық шағымыз өткен...», «Тарихты өзгертуге болмайды», «Президент Н.Ә. Назарбаев көшелерді қайта атауға мүлде қарсы екенін мәлімдеді», «Облыс орталығында соғыс қаһармандарының есімдерін көшелерге бермей-ақ, саябақтардағы тақталарға жазып құрметтеуде, солардан үйренейік», «Дағдарыс кезеңінде көшелерді қайта атау үлкен шығынға ұшыратады», «Мұндай қаһармандардың есімдері бізге белгісіз», «Бұдан гөрі көшелерді жөндеумен айналысқан дұрыс» деген сықылды сылтаулар айтылды. Әу бастан күні бүгінге дейін патшашыл-кеңесшіл топ айта-айта әбден жауыр қылып тастаған мұндай жаттанды сөздерді зиялы қауым еш уақытта назарға алған емес. Сондықтан әлгіндей топтың көңіл қалауын ғана білдіретін талап-тілектер күн тәртібінде көтерілген мәселенің оң шешілуіне кері әсер етпеуге тиіс. Кеңес Одағы ыдырасымен-ақ алдымен Ресейде, сосын егемендік алған өзге республикалар мен Қазақстанда Ленин, Дзержинский, Куйбышев, Калинин, Свердлов тәрізді большевиктер көсемдерінің есімде1. 1.Р.Кошкарбаеврін әспеттейтін немесе мән-мағынасы бұлыңғыр елдімекендер мен көшелер атаулары алынып тасталды да, сол мемлекеттердің идеологиясына сәйкес атаулар қойылды. Бұл үрдіске орай: «Тарихты өзгертпеңдер!», «Біздің жастық шағымыз өткен көшелердің атауларына тиіспеңдер!» деп ешкім байбалам салмады, жыламсыраған да жоқ! Бұдан ондаған жылдар бұрын Алматыда аса көрнекті ақын Мұқағали Мақатаевтың аты Пастер көшесіне берілгенде Президенттің ренжігені рас. Бірақ бұл жайт Елбасы көше атауларын ауыстыруға мүлде қарсы деген ұғым тудырмайды. 1998 жылдың 17 наурызында, сол Алматыда, Н.Ә. Назарбаевтың республиканың зиялы қауымының танымал өкілдерімен кездескенінде: «Ономастикалық саясатты босаңсытуға болмайды. Жалтақтай беретін ештеңе жоқ.

…Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің өзіндік заңдылығын, табиғи үндестігін бұзып тұратын атауларды да ауыстырмаса болмайды» (Н. Назарбаев, «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы». «Егемен Қазақстан» №53, 18.03.1998 ж.) деген қанатты сөздерін, әрине, патшашыл-кеңесшіл топ білмейді не біле тұра еске алғысы келмейді. Облыс орталығында соғыс қаһармандары мен жауынгерлердің ерлігі «Әскери даңқ» музейінде, «Жеңіс» алаңында көрініс табумен қатар есімдері көше атауларына да берілуде. Телеорталық ықшам ауданынындағы Дерибас көшесінің Кеңес Одағының батыры Құдайберген Сұрағановтың есімімен қайта аталуы соның жарқын көрінісі болып табылады. Еске аларлық бір жайт, осы мәселе бойынша «Колос» кинотеатрында өткізілген қоғамдық тыңдауда жиналғандардың ұлттық белгілеріне сәйкес екіге бөлініп жарылуы орын алған жоқ! Шығынға келсек, көше атаулары жазылған тақтайшаларды ауыстыруға болмашы ғана қаржы жұмсалатынын, оның өзі әкімдік бюджетінен бөлінетінін Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалиева айтып, түсіндіруге тырысты. Көшелерді асфальттау, көріктендіру, жарықтандыру тәрізді түйінді әлеуметтік мәселелер Астанада да, Павлодарда да бар, бірақ жер-жердегі мұндай проблемаларды мемлекеттік ономастикалық саясатқа қарсы қоюға болмайды. 1990 жылдардың басындағы аса ауыр экономикалық кезеңде Павлодардағы басты көшелердің, Ермак (қазіргі Ақсу) қаласының, өзге де елдімекендердің атауы өзгертілді! «Бұл мәселелерді қазір емес, кейін, заман түзелген соң қолға алайық. Көшелер атауларын ауыстырумен тұрмысымызды жақсарта алмаймыз» - деген жылтырақ сөздермен «ұзын арқан, кең тұсауға» салғысы келгендер ол кезде де бой көрсетті. Әйтсе де, егемен елдің мемлекеттік саясатын, ұлттық идеологиясын жүргізіп, қоғамдық санаға мемлекетшілдік, патриоттық сезімдерді орнықтыру, елдіктің іргетасын бекіте түсу үшін түбегейлі өзгерістер жасау қажеттілігі байқалды. Осы мақсат-міндетті сол кездегі Ермак қаласының әкімі Владимир Шокарев пен Ермак ауданының әкімі Қуат Есімханов бастаған жергілікті басшылар жете түсінді, соның нәтижесінде тартысты шақтарда тегеуірінін танытып жеңіске жетті!!! Содан бері ширек ғасырға таяу уақыт өтті, қазіргі дағдарыс жағдайындағы экономикамыз бен тұрмысымыздың деңгейі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары екеніне ешкім күманданбас. ҚР Президенті аппараты Жеңістің 70 жылдығы құрметіне ономастикаға байланысты мораторийді алып тастап, соғыс қаһармандарын ұлықтауға жол ашты! Енді Ақсу қаласының басшылығына не керек, не жетіспейді?.. Менің ойымша, Ақсу қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке саяси біліктілік, В. Шокарев пен Қ. Есімхановтың бойындағы қажыр-қайрат жетіспейді! Мүмкін әкімдікке идеология саласынан емес, кәсіпкерліктен келген адамның бойында мұндай қасиеттердің жетіспеуі заңдылық шығар... Қала іргесіндегі небары 4 мың тұрғыны бар кентте қала әкімі Қ. Нүкеновтың ықпалы сезілмей, зейнеткер В. Шербатых сияқты әлдекімдердің өктемдігі байқалып тұрса, басқаша қалай ойлаймыз?.. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста, Олжас Сүлейменовтың сөзімен айтқанда, «Фашизм мен интернационализмнің соғысында» ерлік көрсеткен Рақымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова, Шамил Ташмағамбетов тәрізді майдангерлер бейбіт кезеңде, Ақсу қаласында өздерінің әз есімдерін әспеттеуге өзге ұлттар өкілдері қарсылық көрсетер деп ойламаған шығар. Бәлкім, әлгі әкімнің идеология бойынша орынбасары Елбасының: «Ономастикалық саясатты босаңсытуға болмайды. Жалтақтай беретін ештеңе жоқ» деген сөздерін оның құлағына салып, мәселе дұрыс шешілетін шығар... Кім білсін?

Арман ҚАНИ

Суреттерде: соғыс қаһармандары: Рақымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова, Шамил Ташмағамбетов және Ақсу қаласының әкімі Қайрат Нүкенов