Маңғыстауда құтқарушылар мерейтойлық медальмен марапатталды

1 Ақтауда ҚР Құтқарушылар күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында мемлекеттік қызметкерлер (олардың қатарында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, оның орынбасары Ануар Чужегулов, Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов, барлығы 6 адам), ҚР ІІМ орталық аппарат қызметкерлері, Азаматтық қорғаныс органдарының ардагерлері (олардың қатарында Маңғыстау облысы ІІД басшысы Қайрат Дальбеков және 11 ардагер, барлығы 12 адам), Маңғыстау облысы бойынша өңірлік ТЖД бөлімдерінің қызметкерлері (барлығы 18 адам) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 2 Бұдан бөлек осы ведомствоға белгілі бір мөлшерде еңбегі сіңген облыс тұрғындарына құрмет грамотасы және алғыс хаттар табысталды. Шара соңында департамент қызметкерлері дайындаған концерт көрермен назарына ұсынылды. 3 4