ВАЛЮТАЛЫҚ ИНТЕРВЕНЦИЯ: БАСТЫ ҚАРУ – ХАЛЫҚ ҚАРЖЫСЫ

2007
0
Бөлісу:

c1c5cc6cbb010b3de4886c4ea6e00a2d

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуді жалғастырады. Бұл ішкі валюталық нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қолға алынған шара болып табылады деді Ұлттық банк басшылары.

Теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін Ұлттық банк биыл валюталық интервенцияны бірнеше рет жүргізіп, 16 қыркүйекте 144 миллион доллар, 17-сінде 270,4 миллион, ал 18 қыркүйекте 67,2 миллион доллар жұмсады.
Алдымен интервенция ұғымы бір елдің екінші елдің ішкі ісіне заңсыз араласуы мен басып кіруін білдіретінін еске салғымыз келеді. Бұл жерде банктің эмиссиялық операциялары сөз болып отыр емес пе? Ол да басты мәселе емес. Мәселе, еркіндікке жіберген теңгенің тағдырында болып отыр. Доллардың бағамын мың құбылтып, көтерілген сайын қазынадан қыруар қаржы бөлсек теңгені несіне еркіндікке шығардық деген заңды сұрақ туады. Интервенция деп кімді алдап жатырмыз? Құбылмалы бағам арқылы біреулер мол пайда табады деген күдік те басым. Теңге он жерден еркіндікке ие болғанымен, бәрібір Ұлттық банктің бақылауында қалғанын байқау қиын емес. Олай болса Ұлттық банк алдымен доллар бағамына бақылау жасағаны дұрыс шығар. Біздегі валюталық интервенция халық қазынасына жасалып жатқан шабуыл десек те болады.

Зейнолла АБАЖАН

«Қазақ үні» газеті 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

16 − 2 =