ҚАЗАҚША БАҒДАРЛАМАДА ОРЫСША СӨЙЛЕУ – МИЛЛИОНДАҒАН АУДИТОРИЯНЫ ҚОРЛАУ

7130
36
Бөлісу:
“ЖАНДЫ ДАУЫС”  БОТҚАШОУЫ
БАЯННЫҢ БАЯНСЫЗ ЖАРНАМАСЫ МА?»  
мақаласы туралы пікірлер  http://www.qazaquni.kz/?p=40592 

dulat 1

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:

 КӨРЕРМЕН ТАЛАБЫНА  ЖАУАП БЕРЕ АЛМАЙТЫН ХАБАРЛАР ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТУЫ КЕРЕК

 

Шыны керек, қазіргі таңда қазақтілді телеарналарда адам тұщынып көретін хабарлар саусақпен санарлық. Қайсысын қоссаң да, не орысша емес, не қазақша емес былапыт бірдеңеге тап боласың. Қарап отырып еріксіз қарның ашады. «Хабар» арнасынан жүріп жатқан «Жанды дауыс» шоуы –солардың бірі ғана. Ал, хабар авторы – Баян Есентаева өзінің Қазақстанда тұратынын, бұл елде қазақ тілі бар екенін, тіпті өзінің қазақ екенін есінен шығарып алған тәрізді. Бұл орайда ол: «еліміздің басты телеарналарының бірінен сөйлеп тұрмын-ау, арнаның қаншама көрермені бар-ау» деп ойланбайтын тәрізді. Сондықтан болса керек, ешқандай жауапкершілікті сезінбейді де. Аталмыш шоуды алғашында көретінмін. Қазір ашу-ызамды туғызған соң, тіпті қарамайтын болдым. Бұл тек халықты алдаусырату ғой. Меніңше осындай хабарларда жылтырап көрінетіндер өзінің сыртқы келбетін көрсетуді мақсат тұтатын тәрізді.

Ал, таза қазақ тілінде сөйлейтін хабарларымыздың өзі ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың мақал-мәтелдерін, тұрақты сөз тіркестерін, бұрмалап айтатынды шығарды. Бүгін ғана бір хабарда: «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, сақалынан айрылыпты» деп айтып жатыр. Осының барлығын қарап отырып, бұларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ па, деген ойға қалдым. Сонда олардың басшылары қайда қарап отыр?

Бүгінде отандық телеарналарда орыс тіліндегі хабарлар көбейіп кетті. Тіпті Кеңес үкіметіндегі кезімізге зар болып қалдық. Егемен ел ретінде қазақ тілін алға жылжытудың орнына, кері кетіп бара жатқандығымыз алаңдатады.

Біздің елде ғана шығар, осындай оспадарсыздыққа жол берілетіні. Әйтпесе, басқа елде мемлекеттік тілді мазаққа айналдыратын болса, ол хабарды ертесіне-ақ жауып тастайды. Біз де осындай батыл қадамға баруымыз керек. Бұған цензура ретінде қараудың қажеті жоқ. Көркемдік тұрғыдан деңгейі тым төмен, көрермендердің талап-тілегіне талабына жауап бере алмайтын, онымен қоймай қазақ тілін қорлайтын, хабарларға үзілді-кесілді тоқтау салуымыз керек.

dos

Дос КӨШІМ, саясаткер: 

ТЕЛЕАРНАЛАР ЕЛ МӘДЕНИЕТІН КӨТЕРУДІ ОЙЛАСА,  МҰНДАЙ ОСПАДАРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕС ЕДІ…

 

Қазақстандағы қазақтілді хабарларда шет елдің тілінде тек бір ғана жағдайда сөйлеуге болады. Яғни, қазақша хабарларға шетелден арнайы қонақтар қатысып, маңызды пікір білдіріп жатса. Оның өзінде көрерменге синхронды аударма арқылы мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде жеткізілуі қажет. Ал, Қазақстан азаматтарының қазақ тіліндегі хабарда өзге елдің тілінде пікір білдіруі, атала сөздерді араластыруы – сол адамның ішкі мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Мұның барлығы өз кезегінде хабар авторының, ұйымдастырушыларының «ең бастысы – дұрыс ой айтылса болды» деген атүсті көзқараспен қарайтындығының салдарынан орын алып отыр. Көптеген хабарларға қатысу барысында мұндайларға талай рет куә болып та жүрміз.

Негізінен бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндетінің бірі – халықтың мәдениетін көтеру екені белгілі. Ал, бүгінгі біздің отандық телеарналардағы хабар ұйымдастырушылар елдің мәдениетін көтеру мәселесін ойламайтынға ұқсайды. Әйтпесе, мұндай оспадарлыққа жол бермес еді…

toqashbaev

Марат ТОҚАШБАЕВ, «Президент және халық» газетінің бас редакторы:

 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭФИРЛЕРІ ОРЫС ТІЛІНЕ МҰҚТАЖ ЕМЕС

 Отандық телеарналардан берілетін хабарымыз да, шоуымыз да аралас тілде болмауы керек. Орыс тілін кез-келген жерге тықпалаудан біз ештеңе ұтпаймыз. Оның үстіне Қазақстанның телеарналарындағы хабарлардың 93-пайызы орыс тілінде екенін ескерсек, бұл көрсеткішті азайту үшін оған қарсы тұруымыз керек. Яғни, отандық телеарналардағы эфир уақытының басым бөлігін таза қазақ тіліндегі хабарлар құрауын талап етуіміз керек. Өйткені, бізде  орыс тіліндегі хабарларға мұқтаждық жоқ.

Қажеттілік туғызбасақ, қазақ тілі дамымайды. Керісінше тілдің жағдайы одан әрі нашарлай түспек. Қазақ тілінің дамуына лайықты қамқорлық жасау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы тұста, айтуға тиісті басты нәрсе – Конституциямыздағы «орыс тілі – ресми тіл» деген қағиданың «орыс тілі – Қазақстандағы екінші мемлекеттік тіл» деген ұғымды бермейтіндігі. Осыны ұғынатын кез жеткен сияқты. Мұндай анықтаманы осыдан бірнеше жыл бұрын Конституциялық кеңестің өзі берген. Сондықтан да біз, бұқаралық ақпарат құралдарының қай-қайсысында болсын, қазақ тіліне басымдық берілуін  қатаң талап етуіміз керек.

 ARMAN-SKABYILULYI

Арман СҚАБЫЛ, «Ақ жол» партиясы баспасөз қызметінің жетекшісі:

 ҚАЗАҚША БАҒДАРЛАМАДА  ОТЫРЫП ОРЫСША СӨЙЛЕУ – МИЛЛИОНДАҒАН АУДИТОРИЯНЫ ҚОРЛАУ

Жалпы қазақ телевизиясында қазақша бағдарламада орысша сөйлеу деген бұрын-соңды болмаған. Тіпті тіліміз өгейлік көрген Кеңес Одағының кезінде де мұндай сорақылыққа жол берілмеген. Әр бағдарламаның өзінің төлқұжаты болады. Онда ең алдымен тілі көрсетіледі. Қазақша болса,  тек ғана қазақша, орысша болса тек ғана орысша… Тіпті, мемлекет басшысының өзінің сөзін аударып беріп жатамыз ғой. Бұл – телевизияның бұлжымайтын заңдылығы. Соңғы үш-төрт жылда Есентаевалардың «құдыретімен» теле тілді қойыртпақ жасау басталды. Қазақша бағдарламаның төрінде отырып орысша сөйлеу –  сонысымен миллиондаған көрермен аудиториясын қорлау белең алды. Ең қорқыныштысы – «Хабар» басшылығының өзі бұл мәселеге дем беріп, мемлекет қаржысын «ботқа шоуларға» бөлуі дер едім. Сонда елдің есіл ақшасының сұрауын сұрайтын бір құзырлы орынның болмағаны ма?

aigul 1

Айгүл ІСМАҚОВА, филология ғылымдарының докторы,  профессор:

БАЯН СЕКІЛДІЛЕРДІ АНА ТІЛІНІҢ КИЕСІ СОҒЫП КЕТПЕСІН!

Батыстық шоу-бизнесте Баян секілді продюсерлер болады. Олардың басты мақсаты – даусы, өнерге қабілеті бар, сырт келбеті келісті адамнан әртіс шығару. Осы батыстың агрессиялық мәдениетін қазақ ортасына сіңіріп жүрген де осы Баян Есентаева деп ойлаймын. Бұл продюсердің: «Мен кімді болса да жұлдыз ете аламын!» деген сөзі бар. Бірақ кімнің қандай «жұлдыз» болатынын бір Құдай біледі ғой.

Осы уақытқа дейінгі бағдар­ламаларына қарап отырсақ, Баян өзін насихаттауды бірінші орынға қояды. Одан соң, қазақтың жиған салығынан, елдің бюджетінен ақша алып отырған «Хабар» арнасы қазақ көрермендерін сыйлауы тиіс деп ойлаймын.

«Жанды дауыс» бағдарлама­сы­ның бас сарапшысының ана тілінде сөйлемеуі – мемлекеттік тілге деген теріс көзқарасын әйгілеп тұр.

«Хабар» арнасында орыс ті­лінің салтанат құрып отырға­нына өз басым қарсымын. Кез келген нәрсенің шегі бар, Баян секілді жүргізушілер бізді сыйла­маса да тілді сыйлауы тиіс. Қазақ тілінің киесі соғып кетпесін!

«ҚАЗАҚ ҮНІ» газеті,

qazaquni.kz

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 36 пікір жазылған

  1. Лукпан Бегалы 22 Қыркүйек, 2015 00:15 Жауап

    Ұлттық намысты қорғайтын игілікті де ізгілікті бастама.Ана тіліңді қорлату бишаралық, надандық, сорлылықтың белгісі.

  2. Гулара Халмурадова 22 Қыркүйек, 2015 00:18 Жауап

    Кейде орысша дурыс сойлей алмаса да, орыс тилди журналистерге орысша сойлейтин казактарды коргенде, жерге кирип кете жаздайсын. Журналист орысша сурак койганмен, оган казакша жауап беруге болады гой.

  3. Сәуле 22 Қыркүйек, 2015 00:18 Жауап

    Телебастықтардың деңгейі қандай болса, арнадан берілетін бағдарламалардың деңгейі сондай болады. Өзін білімді, ішкі мәдениеті жоғары, ұлтжанды, мемлекетшіл санайтын басшы ешқашан «ботқашоуларға» жол бермейді…

  4. Рашит 22 Қыркүйек, 2015 00:20 Жауап

    Осы «Жанды дауысты» шынында біздің ауылда бір адам көрмейді осы Баянның орысша шүлдірлегеніне бола… Тоқтату керек мұндай ботқа-шоуды.

  5. Іңкәр 22 Қыркүйек, 2015 00:20 Жауап

    Ботқашоу деп дәл қойылған. Терісін тірідей сыпырған Қазыбек Исаға рахмет. «Қазақ үні» болмаса, мылқау болады екенбіз ғой, Алла жар болсын!

  6. Бекжамал Ахметова 22 Қыркүйек, 2015 00:21 Жауап

    Намысы бар ар казахка 20 жылдан асса да тилимнин жетим баладай жаутандаганы жанымызга катты бататыны акикат.Казахтын осындай арыстай азаматтары турганда ана тилимнин торге шыгатын куниде алыс емес.Алла сол кундерди казагыма тезирек насип еткей.Ботка шоудын да,шатпак шоудында куни битер.Ол кунде алыс емес,тек ауызбиршиликте болайык агайын.

  7. Гулнар Магзумова 22 Қыркүйек, 2015 00:22 Жауап

    Бәрі дұрыс! Бірақ осылай босқа шулағанша телеарналардың хабарларын сүзгіден өткізуге тиіс заң қабылдау қажеттігі жайлы мәселе көтеру керек. Дәл қазір ешкім Баянға ештеме істей алмайды, біздің пікірімізге оның түкіргені бар ма! Егер заң болса миллиондаған көрерменді мазақ еткені үшін жазасын алар еді. Менің ойымша «Тіл туралы» заңды қайта қабылдап, оған осындай сорақылыққа жол бермейтіндей бір механизмді енгізу қажет!

  8. Бакыт 22 Қыркүйек, 2015 00:53 Жауап

    Бірінші осындай сындарды, жоғарыда отырған шенеуліктерге неге айтпайды. Қазақ тілін сол кісілер қорлап жатқан. Қағазға жазып алып шығып тілдерін бұрап тұрады, олай қазақ тілін қорлағанша, басқа тілде оқи салсында, мазақ етпей. Қазақша сөйлендер, қазақша бағдарлама деп сайрайды, құр сөз кімге керек. Халыққа босқа жағымпазданып, талқылайтын тақырып болмаған сон осындай нəрселер тауып алады.Елбасымыз өзі қолға алмаса барлығы бос талқылау. Ринат Зайтов айтпақшы тіліміз бен заңымыз сайқал болып тұр ғой. Сондықтан өз ойым барлық тілді білу керек. Əр жерде керек тілінді қолданасын. Еркін жүресін .

  9. Бақыт 22 Қыркүйек, 2015 01:01 Жауап

    Одан да арналарды жаулап алған үнді сериалдары мен түріктерді алып тастатқызсаныздаршы. Санамызды улап жатқан!

  10. Махамбет 22 Қыркүйек, 2015 01:50 Жауап

    Шенеуніктер алдына келген санаулы адамдардың алдында шет тілінде міңгңрлейді. Оларды неге айтпайды дейсіңдер Бақыт, аспаннан түскен адамға ұқсап, Талай сойып салып жүр ғой басшыларды «Қазақ үні». Оны осы сайттан тауып аласың талайын. «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?» http://www.qazaquni.kz/7602.html осы мақаланы оқысаңыз да жеткілікті. Бассыз Баян экранда миллиондардың алдында Ресей тілінде сөйлеп, қазақ тілін табанға таптап тұрса, неге айтпасқа. Хабар басшылары шошқа тағалап отыра ма, неге жұлып алмайды орнынан қазақ тілінің үстінен тайраңдатып қоймай.?

  11. Рашит 22 Қыркүйек, 2015 02:27 Жауап

    Бассыз Баян экранда миллиондардың алдында Ресей тілінде сөйлеп, қазақ тілін табанға таптап тұрса, неге айтпасқа. Хабар басшылары шошқа тағалап отыра ма, неге жұлып алмайды орнынан қазақ тілінің үстінен тайраңдатып қоймай.?

  12. Бердалы ОСПАН 22 Қыркүйек, 2015 09:37 Жауап

    Қазақтың бетке ұстар атақты жазушысы, профессоры және белгілі газеттің басшысы өздері қазақша білмейді. Бұл мәселе туралы өз тегін орыс үлгісінде «ОВ», «ОВА», «ЕВ», «ЕВА» жазып жүрген жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат ИсабекОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл ІсімақОВА, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат ТоқашбаеЕВ өз пікірлерін білдіруге құқы жоқ. Басқаларды жөндеймін деген адам ең алдымен өзінен бастауы керек!

  13. Дана 22 Қыркүйек, 2015 10:29 Жауап

    Қымбатты, сын айтудан алдына жан салмайтын аға-апалар. Үйде отырып ботқа-шоу, оттау шоу деп жатып алып жарты бет арыз жазғанша майлы жерлеріңізді көтеріп, Баянға бәсеке бола алатын нағыз қазақы шоу жасаңыздар. Кім сіздерді қолдан қағып жатыр?! Мен ешкімді жақтамаймын.Бірақ, отырып алып көпіретіндерді жек көрем.

  14. Іңкәр 22 Қыркүйек, 2015 15:33 Жауап

    Дұрыс қазақ тілін қорлауга жол жок. Ең ащы шындық Баян ханым қазақ тілін біледі, бірак менсінбейді. Әкесі қазақ, шешесі қазақ , қыздары қазақ мектебіне барган, жары да қазақ! мен Баян қазақша білмейді дегенге оз басым сене алмаймын, Гулнүр ханым қүрбысы, қазақ тілінің майын тамызады. Қазақ тілінде кітап жазып жаткан жок,әділқазы ретінде қазақ тілінде оз пікірін білдіріп, бағасын бере алмау оте ұят нарсе.
    Ана тілің ,арың бұл
    ұятың боп түр бетте,
    озге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте дегеім келеді,

  15. Салима Бердибай 22 Қыркүйек, 2015 18:08 Жауап

    Айгүл апамыз дұрыс айтат. Бұл баян қатын әбден қазақты мазақтап болды ғо. Неге осы әйелге қыздар тұрақтамайды? осыны ойланып көрдіңдер ме фанаттары болып жүрген қыздарай. Менің группаласымның Молдір Ауелбекова апатайы боп келед. Со қыз айтты Баян стерва, құлша жұмсайды қыздарды. Адам деп қарамайт деп. содан бері жеп көрем осы әйелді. Мадина да керім қыз ғо, олда кетіп қалды. Ана тілін менсінбеген бұл әйел кімді керемет қып жатыр, айтыңдаршы? Тракторшының махаббаты, Осторожно, корова, Коктейл 2 звезды, барлықында өзі мен групасындағы тұштақай қыздары ойнайды. құсқым келет Баянды көрсем, фуууу

  16. Салима Бердибай 22 Қыркүйек, 2015 18:11 Жауап

    ой кешіріңздер, Айдана Меденова дегим келген. Профессор апай сізге рақмет үлкен

  17. ИБРАХИМ 22 Қыркүйек, 2015 21:43 Жауап

    КҮННЕН КҮНГЕ БЕТІМЕН КЕТІП БАРАМЫЗ. ЕШБІР ҰЛТҚА КЕРЕК ЕМЕС, БАСҚА ЕЛДЕРДІҢ САЛТЫННАН БАСТАУ АЛАТЫН КЕШТЕР КӨБЕЙІП КЕТТІ.ОЛАР ӘРИНЕ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ БӘРІ ЖЕКЕМЕНШІК БОЛҒАННАН КЕЙІН ТЕК ӨЗДЕРІННІҢ ПАЙДАЛАРЫН ОЙЛАЙДЫ.АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ ГАЗЕТТЕРДІҢ БӘРІН ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЕТУ ҚАЖЕТ.

  18. Аяла 22 Қыркүйек, 2015 23:03 Жауап

    Баян Есентаева «əлі талай жоспарым бар,ботқашоудың алуан түрін көресіңдер» деп жауап беріпті инстаграмда

  19. Құралай 22 Қыркүйек, 2015 23:11 Жауап

    Қазаққа көз алайттырған елде есеп жоқ. Қай қайысы болсада келіп басына «əңгір таяқ» ойнатып кете беретін ел болуға шақ қалып тұрмыз. Халық айтса қалып айтпайды. Міне бүгін Арман ағаны (журналист) өзімізге жау етіп отырған Баян Есентаева «1 млн оқырманым танысыңыз» деп, орысша пост жазыпты, ия ол ханым қазақша сөйлемейді, себебі беймәлім. «Хабар» телеарнасының төрінде қара халықтың салығымен жиналған қаржыға өзі сияқты надандармен түрлі қазақ тіліндегң шоуды, жалғыз ерекшеленіп орысша жүргізеді. Соны көріп өскен ұл қызыңыз ағайын кім болмақ? Бір рет кездейсоқ шығар, екі рет тағы кездейсоқтық, жоқ қазір ашық «мен орысша сөйлеймін….» Сонда тіліміз қайда, қазір айтып отырған қара тіл кезінде қалай жетті ата-бабамыз қырғын қара қанын төгіп, ал қазір ол маңызды болмай тұр. Жаныңыз ауырмайма? Дұрыс, білімді болыңыз, оған шектеу қойылмаған, сонау кезден ақ айтылған дана сөз бар»өзге тілдің бəрін біл-Өз тіліңді құрметте»деген. Тек ұрпаққа «шала қазақтықты» үйретіп сіз өнегелі болмайақ қойыңыз Баян ханым. Дұрыс ізіңізді қалдырғыңыз келетін болар бірақ дəл осы қарқыныңызбен ертең көрінбей кетсеңізде ешкім сізді жоқтамас. Гулнур Мамасарипова деген жанындағы адвокатына айтарым қазақша сөйлейсіз дау жоқ. Бірақ шындықты бетке айтқанмен алысып, жұлысып (парақшасындағы сөздер тіпті масқара боқтықпенде жауап қайтарған) қазақ ағаларымызға мін айтатын сіз ешкім емессіз. Əлін білмеген əлектің күні басыңызда жүрмесін. Ағайын болашағыңызға бүгінмен қараңыз. Баян ханымың » вы ни кто, что бы меня учить, я говорила и буду говорить на русском, с перва достигайте чему я достигла» деген қараң сөзімен, тілімізге деген құрмет түгел жеркеніш бар сөзімен аяқтағым келеді. Ойланады ағайын. Бұл жоғарыда тағы осылай тырна болып отырған ағаларымызғада сабақ боләрдай, əрекет болса деген ниетім

  20. Құралай Мақсатқызы 22 Қыркүйек, 2015 23:14 Жауап

    Қазаққа көз алайттырған елде есеп жоқ. Қай қайысы болсада келіп басына «əңгір таяқ» ойнатып кете беретін ел болуға шақ қалып тұрмыз. Халық айтса қалып айтпайды. Міне бүгін Арман ағаны (журналист) өзімізге жау етіп отырған Баян Есентаева «1 млн оқырманым танысыңыз» деп, орысша пост жазыпты, ия ол ханым қазақша сөйлемейді, себебі беймәлім. «Хабар» телеарнасының төрінде қара халықтың салығымен жиналған қаржыға өзі сияқты надандармен түрлі қазақ тіліндегң шоуды, жалғыз ерекшеленіп орысша жүргізеді. Соны көріп өскен ұл қызыңыз ағайын кім болмақ? Бір рет кездейсоқ шығар, екі рет тағы кездейсоқтық, жоқ қазір ашық «мен орысша сөйлеймін….» Сонда тіліміз қайда, қазір айтып отырған қара тіл кезінде қалай жетті ата-бабамыз қырғын қара қанын төгіп, ал қазір ол маңызды болмай тұр. Жаныңыз ауырмайма? Дұрыс, білімді болыңыз, оған шектеу қойылмаған, сонау кезден ақ айтылған дана сөз бар»өзге тілдің бəрін біл-Өз тіліңді құрметте»деген. Тек ұрпаққа «шала қазақтықты» үйретіп сіз өнегелі болмайақ қойыңыз Баян ханым. Дұрыс ізіңізді қалдырғыңыз келетін болар бірақ дəл осы қарқыныңызбен ертең көрінбей кетсеңізде ешкім сізді жоқтамас. Гулнур Мамасарипова деген жанындағы адвокатына айтарым қазақша сөйлейсіз дау жоқ. Бірақ шындықты бетке айтқанмен алысып, жұлысып (парақшасындағы сөздер тіпті масқара боқтықпенде жауап қайтарған) қазақ ағаларымызға мін айтатын сіз ешкім емессіз. Əлін білмеген əлектің күні басыңызда жүрмесін. Ағайын болашағыңызға бүгінмен қараңыз. Баян ханымың » вы ни кто, что бы меня учить, я говорила и буду говорить на русском, с перва достигайте чему я достигла» деген қараң сөзімен, тілімізге деген құрмет түгел жеркеніш бар сөзімен аяқтағым келеді. Ойланады ағайын. Бұл жоғарыда тағы осылай тырна болып отырған ағаларымызғада сабақ боләрдай, əрекет болса деген ниетім

  21. Боратова 23 Қыркүйек, 2015 20:49 Жауап

    Баян ханымың ” вы ни кто, что бы меня учить, я говорила и буду говорить на русском, с перва достигайте чему я достигла” дегені шын болса Баян-ау бәрі продюсерлікпен немесе байлықпен өлшенбейді ғой. Меллиардерша болсаңда қара халқыңнан төменсің!

  22. Болат 34 24 Қыркүйек, 2015 13:09 Жауап

    Қазақтың бетке ұстар азаматтарының айтуынша, Баян Есентаева үлгі аларлық азамат емес.Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері: «КӨРЕРМЕН ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРЕ АЛМАЙТЫН ХАБАРЛАР ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТУЫ КЕРЕК.Баян Есентаева өзінің Қазақстанда тұратынын, бұл елде қазақ тілі бар екенін, тіпті өзінің қазақ екенін есінен шығарып алған тәрізді» дейді. Қазақстандық белгілі әдебиеттанушы, профессор марқұм Тұрсынбек Кәкішев өлерінің алдында ғана айтып еді: «Оқитын жастарымыздың жетпіс, сексен проценті қазақтың қыздары. Және олар шүлдірлеп орысша сөйлейді. Тапқан балаларын орысша тәрбиелеп жатыр». Айтпағымыз: Міне, осындай, қаптап кеткен, шахановша айтқанда, «мордиялары ғана қазақ» қыз-келіншектері қазақтың тұқымын түбі құртып тынады.

  23. Жәннат 24 Қыркүйек, 2015 19:07 Жауап

    “Өз ана тіліңде мәңгілік екілік болғаның жақсы емес қызым”… Осы сөзді емханада кезекте тұрғанда жасы 45-50 аралығындағы ер адамның қазақша қойған сұрағына өзге тілде шүлдірлеп жауап берген қазақ қыздарына қынжылып,ренжіп айтқан сөзі еді, екі тілдеде. Өзін сондай сабырлы ұстап,білім жағынан бірнеше тілді меңгергенін айтып,ана тілдеріңді жоғары қойыңдар деп жеткізіп айтқандай болды.Бірақ олар шімірікпеді де. Беттері бүлк етпей тұра берді.Қастарында тұрған біздер, сендердікі дұрыс емес дегеннен аспадық.Сол кезде қатты қиналғаным бар еді,тіліміз өмір бақи осындай күй кешеме деп.Сол ер-азаматтың сөзін Баян ханымға жеткізгім келіп отыр.Сіз бүкіл халықтың алдында эфирде отырсыз бетіңіз кішкене болсада бүлк етіп, қазақ халқынан кешірім сұрарсыз деп үміттенеміз сондай шүлдірліктердің атынан.

  24. Мақсұт. 25 Қыркүйек, 2015 01:07 Жауап

    Қазақ телеарналдарының қай-қайсысы болса да өте нашар, сын көтермейді. Ешбір жаңалық жоқ. Бар табары көрші орыстардан көргенінің тым арзан, нашар көшірмесін жасап халыққа ұсынады. Жан-жақтан жинап әкелген шөпжелке қыздарымен әлем-жәлем ұлдарын ербеңдетіп халыққтың алдына «Жұлдыздар» деп шығарады. Ол «Жұлдыздар» шатты -бұтты тілдерімен, еш мағынасыз сөздерімен атасындай-анасындай халыққа көсемсіп ақыл айтады.Қарау, көру мүмкін емес, өте жиренішті! Мұның себебі каналдарда қабілетті, дарынды адамдардың жоқтығы, олардың орынын беттері жылтыраған санасы саңыраулардың жаулап алғаны -деп ұғамын.Ондайларда ізденіс, ілгерілеу болмасы белгілі ғой. Және ең үлкен дерті тым жағымпаздыққа салынып, әсіре саясаттанып кеткені -дер едім. Бұрын «қазақ радиосын», оның жан-жақты ән-әуендерін тыңдаушы едік. Енді оны да сол даурықпа ұран- әнсымақтар мен асыра лепіруге толы «жалған патриотизм» басып қалды. Тіпті қосықың келмеді.» Көңілсіз секстен көтсіз бала туылады» -дегендей, шын жүректен шықпаған,тапсырмамен, зорлықпен жазылған немесе өзін-өзі сыйлайтын автордың ары бармайтын дүнйеге ештеңенің парқына бара алмайтын «бездарлардың» араласуынан туылған әлігі әнде не әуен жоқ, не дені дұрыс текст -өлең жоқ, не айтушысы келіспеген сұмырай бірдеңе. Әдейі, қасақана халықтың зығырданын қайнатып, өкімет пен үкіметке, ел үстіндегілдерге наразылығын тудыру үшін жасалғандай. Қоғамды құрт кемірсе өмірдің бар саласының да сәні кетеді екен ғой….

  25. Гауһар 25 Қыркүйек, 2015 14:43 Жауап

    Мен көрген жоқпын. Бірақ орысшай сөйлеймін! деп шаптыққаны рас болса Баяшка-обаяшканың шайпау, көкбет болғаны.Жалпы, қай сала болсын, басшы жөндем болмай іс оңбайды. Болмысы, кісілігінің көшірмелері-туындылары, хабарлары-туған балаларындай болып ұқсап шығады. Негізінде елдегі БАҚ әсіресе тв-ге қазір біраз жас тамыр-таныстықпен кіреді.Бәрін дерлік орыстан көшіреді телеарналар.Сауаттары сын көтермейді.Іс жаман.Мұны кімге айтасың?Тыңдамайды.

  26. шымыр 25 Қыркүйек, 2015 19:19 Жауап

    Казирги кезде онерли от басы, конилди от басы, жулдыздар отбасы, ел аузында, жулдыздар жаркырайды той жыры, дегендер каптап кетти, баринин айтатыны аншилердин уйи,киими, тамагы, олардын балалары, баска еш нарсе жок.Осы дурыс па? айтыныздаршы?

  27. Іңкәр 26 Қыркүйек, 2015 00:36 Жауап

    ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ ШЫҚҚАН ПАРЛАМЕНТТІ 2004 ЖЫЛЫ ӘШКЕРЕЛЕГЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕЙТІН МИНИСТРЛЕР , ӘКІМДЕР, БАРЛЫҒЫН СОЙЫП САЛЫП ЖҮРГЕН ОСЫ «ҚАЗАҚ ҮНІ» ГАЗЕТІ, АҚЫН ҚАЗЫБЕК ИСА ЕКЕНІ ЕЛДІҢ БӘРІНЕ БЕЛГІЛІ ҒОЙ. ӨЗІНІҢ ТҮК БІЛМЕЙТІНІНЕ ӨЗГЕНІ КІНӘЛІ ҚЫЛАТЫНДАРҒА АЙТАРЫМЫЗ, СЕНДЕР НЕГЕ БІЛМЕЙ ҚАЛДЫҢДАР? САУАТТАРЫҢ БОЛСА, QAZAQUNI.KZ сайтындағы МЫНАЛАРДЫ ОҚЫҢДАР: «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?» http://www.qazaquni.kz/?p=7602 “АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…” http://www.qazaquni.kz/?p=8911

  28. Іңкәр 26 Қыркүйек, 2015 00:38 Жауап

    Алаш Орда тура тауып айтыпты! Иә, Баян мемлекеттік тілді қорғаған Қазыбек Исаны сотқа берсе – қазақ тілін сотқа бермек… Не үшін? Ресей тілін қорғау, бағдарламада сақтап қалу үшін!

  29. тілеу 28 Қыркүйек, 2015 18:07 Жауап

    Иа осы Баянды ешкім унатпайды,мумкін орыс қулдар қолдап отырған шығар,қазақша бағдарлама жургізетін журналистер көп қой,кейінгі кезде унемі әршілерді жарнамалап кетті,немесе созбақтаған унді,турік,корей кинолары

Пікір немесе жауап жазу

бір × екі =