Бойжеткенді тепкен Тұракелдиев кепілмен үйіне босатылды

Астанадағы “Сары-Арқа” сауда орталығында орналасқан Kinopark 8 кинотеатрында кассир бойжеткенді тепкен Қуаныш Тұракелдиев кепілмен үйге босатылды деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.

прокуратура Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. 17 қыркүйекте Қуаныш Тұракелдиев кепілмен үйге босатылды делінген Астана прокуратурасының хабарламасында. Олар бұл шешім оған қатысты бапқа сәйкес шығарылғанын алға тартты. “Тұракелдиевке Қылмыстық кодекстің “бұзақылық” бабы бойынша айып тағылғанын ескерсек, бұл бап ауыр қылмыстар бабына жатқызылмайды. Сол себепті Қылмыстық кодекстің 147 бабына сәйкес, “қамауға алу” шарасы бұл бапқа қарастырылмаған. 17.09.2015-те қылмыстық қудалау органы айыпталушыны “кепілмен” босату шешімін шығарды”, – дейді прокуратурада. tebu   Еске салсақ, 14 қыркүйекте салқын сусын сатып алу кезінде 22 жастағы жігіт жанжал шығарып, кассир бойжеткенді тепкен болатын. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Кейін бұзақылық жасаған жігіттің премьер-министр кеңсесіндегі бас инспектор Болат Тұракелдиевтің ұлы екені анықталды. Астана қаласының ІІД полицейлердің бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Төбелес ашқан жігіт қамауға алынды. Көп ұзамай Тұракелдиев бойжеткенге қалай тап бергені есінде жоқтығын, өзін басқара алмайтындай ашулы күйде болғанын алға тартты. Кейін Астаналық шенеуніктің ұлынан жәбір көрген бойжеткеннің есімі белгілі болды.