Сатушы қызды тепкен Тұракелдиевтің үкіметтегі әкесі отставкаға кетпек...

Қуаныш Тұракелдиевтің әкесі қызметтен кетуге өтініш жазды

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде сатушы қызды теуіп құлатқан Қуаныш Тұракелдиевтің әкесі Болат Тұракелдиев премьер-министр кеңсесіндегі қызметінен кетуге шешім қабылдады.

re56r5e656 Ол басшылығына жұмыстан босату туралы өтінішін жазып қойған деп хабарлады Tengrinews.kz Қуаныштың қорғаушысы Асқар Үсенбаевқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қуаныш Тұракелдиев өзінің жасаған әрекеті үшін өкініп отырған көрінеді. “Қуаныш өзінің әрекеті үшін өкініп отыр, Ол кінәсін мойындады және татуласқысы келеді. Жәбірленуші тараптан кешірім сұрауда. Қазіргі таңда ол Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр” деді қорғаушы. Заңгер Қуаныштың премьер-министр кеңсесіндегі бас инспектор Болат Тұракелдиевтің ұлы екенін растады. “Ол Болат Тұракелдиевтің ұлы. Бірақ, кәмелетке толған балаға әкесінің жауап бермейтінін білесіздер. Соған қарамастан Болат Тұракелдиев қызметтен кету туралы өтінішін жазып қойды” деді Асқар Үсенбаев портал тілшілеріне. Оның айтуынша, күдіктінің туыстары жәбірленуші қыздан кешірім сұрағысы келгенімен оны таба алмай отырған көрінеді.
 Дереккөз: BAQ.KZ