Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келеді

20150916224824 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Кездесу барысында А.Айдарбаев Елбасына өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өңір экономикасын әртараптандыруды жалғастыру қажеттігін айтты. Дереккөз: Қазақпарат