Кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды

Алматы облысында полиция қызметкерлері кәсіпкерге шабуылдаған бес күдіктіні ұстады.

вооруженный_грабитель_в_маске Алматы облысы Алакөл ауданы АІІБ-ге жеке кәсіпкер шағыммен жүгінді. Онда бетперде киген екі белгісіз адам кәсіпкердің үйіне кіріп, травматикалық тапаншадан үй иесіне бірнеше рет оқ атып, белгісіз бағытта бой тасалаған. Облыстың ІІД баспасөз қызметіне хабардар еткендей, қарақшылық шабуыл салдарынан жәбірленуші көптеген дене жарақатымен Алакөл ауданы Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілген. Тексеру барысында оқиға орнынан 9 мм калибрлі алты гильза табылды. Полиция қызметкерлері бес күдіктіні ұстады, олардан нөмірлі «Сриммер» газ-травматикалық тапаншасы тәркіленді. Олар айғақты дәлел берді.