Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген күдікті ұсталды

qylmysker 14 09 2015 Елордада әйелін тірідей өртеп жіберген күдікті ұсталды. Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың мамыр айында Астанадағы №25 мектептің қасында бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып, оны өртеп жіберген азамат оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Көп ұзамай әйел алған күйіктерінен ауруханада көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге тіпті халықаралық іздеу жарияланды. Бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаментінің өкілдері қылмыскердің ұсталғанын хабарлады. Бауыржан Наушаев, Сарыарқа ауданы ІІД бөлім бастығының орынбасары: - Өткізілген жедел-іздеу шаралары кешенінің барысында Астана қалалық ІІД-нің жедел қызметкерлері халықаралық іздеуде болған 43 жастағы Қанат Ғайсаұлы Сәдуовты ұстады. Қанат Сәдуов туыстарының жекеменшік үйінің жертөлесінде арнайы жабдықталған бөлмеде жасырынған. Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/83146-k-dikti-staldy