"Мерейлі отбасы" байқауында маңғыстаулық отбасы жеңіске жетті

4 Бүгін елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпазы анықталды. Бас жүлде маңғыстаулық Құлсариевтер отбасына бұйырды. Бұл отбасы интернет дауыс беру барысында 25 мың 751 дауыс жинаған болатын. Құлсаривтер отбасын ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтап, оларға Қазақстанда шығарылған «IVECO» шағын автобусының кілтін табыс етті. 1Айта кетейік, шара барысында Г.Әбдіқалықова бас жүлдеге үміткер  барлық  16 отбасына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның  байқау дипломымен қатар LG компаниясының теледидарын тарту еткен болатын. 5   Жалпы барлық өңірде жеңімпаз атанып, республикалық конкурсқа жолдама алған отбасылар мыналар: Астана қаласынан Елеусіновтер, Алматы қаласынан Әлиақпаровтар, Ақмола облысынан Кәкеновтер, Ақтөбе облысынан Кофлер, Алматы облысынан Оспановтар, Атырау облысынан Қанатбаевтар, Батыс Қазақстан  облысынан Кенжебаевтар, Жамбыл облысынан Молдабаевтар, Қарағанды облысынан Мусиндер, Қызылорда облысынан Айымбетовтер, Қостанай облысынан Төлегеновтер, Маңғыстау облысынан Құлсариевтер, Солтүстік Қазақстан облысынан Мәмбетовтер,  Оңтүстік Қазақстан облысынан Қуатбековтер, Павлодар облысынан Әміреновтер, Шығыс Қазақстан облысынан Сосновскийлер. 6