ҰҚК генералы «Aдам бол» журналынан 50 млн теңге өндіріп алды

Алматыда ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-майор Ғабдулкәрім Әбдіқазымов жұмысы тоқтатылған «ADAM» журналынан сот арқылы 50 млн теңге өнідіріп алды. Басылым дәйексіз ақпаратты жария еткен.

straight.com Бұл туралы сөз бостандығын қорғайтын халықаралық “Әділ сөз” қоры мәлімдеді. 9 қыркүйекте Алматы қаласының Бостандық ауданындағы сотта беделге нұқсан келтіру бойынша іс қаралды. Қордың мәліметіне сәйкес, соттың қаралуына 2015 жылдың 14 тамызында шыққан «Дембельский аккорд генерала спецслужб» атты редакциялық материал себеп болған. «Журнал дереккөзі таратқан ақпарат дәйексіз болып шықты. Редакция кешірім сұрап, теріске шығаратын ақпаратты жария еткенімен, генерал сотта басылымның бас редакторы Аян Шәріпбаевтан 50 млн теңге өтемақы талап етті. Ол бұл қаражатты балалар үйіне аудармақ», – делінген хабарламада. Сот төрешісі арызданушының талаптарын толықтай қанағаттандыру шешімін шығарды. Еске салсақ, 2014 жылдың 20 қарашасында сот «Адам бол» журналының жұмысын Алматы ішкі саясат басқармасының арызы негізінде тоқтату шешімін қабылдаған болатын.
 Дереккөз: NUR.KZ