Маңғыстауда мұнай қызметінің кластері құрылмақ

1 Маңғыстау облысында мұнай қызметі кластерін құру жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ҚР энергетика вице-министрі  Мағзұм Мырзағалиев қатысқан жиында айтты. 2 Кеңесте мұнай қызметі кластерін құру, аймақтағы инжиниринг орталығы мен кадрларды дайындау мәселелері талқыланды. «Әлемнің жетекші кеңес беру компанияларының пікірінше, Маңғыстау облысында Каспий аймағындағы №1 өңірлік мұнай сервисі кластерін құру мүмкіндігі бар. Бұл бағыттағы аймақтың негізгі артықшылықтары   географикалық орналасуы,  әлемдік компаниялар құйған инвестициялардың жоғарғы пайызы, ғылыми-зерттеу және жобалық ұйымдардың көр болуы. Магдебург институтымен бірлесіп Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті базасында Орталық Азиядағы инжиниринг орталығын құру бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленді», - деді Алик Айдарбаев. Аймақ басшысы елдегі мұнай өндіру ісіне қатысып жатқан компанияларды осы жерден өздерінің филиалдары мен бірлескен кәсіпорындарын ашуды міндеттеуді ұсынды. Бұл шара жергілікті ұйымдардың өндірістерге қолғабыс болуына жол ашады. Жиын соңында аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша құзырлы органдармен бірлескен комиссия құру шешімі қабылданды.