Қыздарын балконнан лақтырып, өзі де секіріп кеткен әйелге не себеп болған?

7 қыркүйек

Қайғылы оқиға орын алған кезде отағасы жұмысқа шығып кетіпті. Ол Алматыдағы жаңадан ашылған мешітте қызметкер екен деген ақпарат бар. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

балкон

Келіншегі де 5 уақыт намазға жығылған адам болыпты. Есімі – Жадыра, 33 жаста. Ал қыздарының аттары – Айша және Адия. Отбасы Алматыда пәтер жалдап тұрыпты. Еске сала кетсек, Алматыда жас ана 5-ші қабаттан екі баласын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Жантүршігерлік оқиға таңғы мезетте, көпшіліктің көз алдында болған. 8 жастағы жеткіншек сол жерде жан тапсырса, 2 жастағы қыз бен келіншек шұғыл ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер екеуінің де жағдайын ауыр деп отыр. Әйелдің мұндай қадамға баруының себебі белгісіз. Тек әзірге анығы – оның жасы 33-те, есімі – Жадыра екен.
Отбасымен қалада пәтер жалдап тұрыпты. Оқиға болған кезде отағасы жұмысқа кеткен деседі.
Ел жағасын ұстатқан бұл оқиға Сәтбаев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысындағы үйде болған. Терезе түбін жағалай көкөніс сатып тұрған сатушылардың көз алдында. 5-ші қабаттағы терезеден келіншек алдымен 8 жастағы, кейін 2 жастағы қызын күштеп шығарып, лақтырып жіберіпті. “Біз ойладық ана бала терезе алдында отырып құлап кетті ме деп. Қарасақ терезе ашық, екінші қыз, қасында мамасы. Ана қызды алды да мамасы лақтырып жіберді. Біз айқайлап үлгермедік. Жаңағы қыз өмір сүргісі келді. Терезеден ұстап, жібермей, жылап айқайлады. Анау пышақпен бір жеріне тиісті ме, шешесі алды да, артына итеріп жіберді”, – дейді жантүршігерлік оқиғаға куә болған көршілер. Осыдан кейін әйелдің өзі де терезеден секіріп кеткен. Сөйтіп, үшеуі де бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына келіп құлапты. Тек 103 қызметі жеткенше баланың үлкені сол жерде жан тапсырса, кішісі мен келіншек аман қалған. Бірақ жарақаттары тым ауыр. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс те қозғалып отыр. Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек “Алдын-ала болжам жоқ. Өйткені тергеу енді ғана басталып отыр. Осы іске қатысты куәгерлерде сұрақ-жауап алу процесі жасалады. Күйеуі де бар, толық отбасы екен”, – дегенді айтты.
 Дереккөз: КТК арнасы