Айдын Айымбетов ғарышқа Қазақстанның көк байрағын алып ұшты

Ұшар алдында ғарышкерлер жақындарымен қоштасты. Ұшуға бірнеше сағат қалғанда экипаж Росғарыш басшысы Игорь Комаровқа ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді. Осыған дейін Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен "Земляне" тобының әнімен Байқоңыр қаласындағы "Космонавт" қонақүйінен шығып, "жұлдызды" автобуспен "Энергия" корпорациясының монтаж-сынақ корпусына дейін барды. Онда олар скафандрларын киді. Дайындық жайлы есеп берілгеннен кейін ғарышкерлер ғарыш кемесіне отыруға аттанды.