Ақтауда кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі талқыланды

1501
4
Бөлісу:

5ada372d414245c12d3ca8cea9ace7af

25 тамызда Ақтау қаласының әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тақырыбында семинар-кеңес өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес – кәсіби, автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың 15 қадамы аясында Елбасы тарапынан мақұлданған келесі тұжырымдамалық ұсыныстар әзірленді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу болып табылады. Бұл модель аясында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатындар өз қызметтік жолын тек төменгі лауазымдардан бастайды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы төлеудің факторлы – балдық жүйесіне көшуі қарастырылуда. Мемлекетттік қызметкердің жұмыс сапасы мен нәтижесіне, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік және тәртіптілік сияқты қасиеттеріне баса назар аударылады. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында үш жылда кемінде бір рет міндетті біліктілігін арттыру заңды түрде бекіту қарастырылады.

Мемлекеттік аппаратты дамыту үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жасақталып, тұжырымдамалық тәсілдер қоса бекітілетін болады. Сонымен қатар, жаңа білікті кадрларды іріктеу моделі аясында, мамандығы бойынша біліксіз және жұмысқа ықылассыз қызметкерлерді болдырмау үшін, 2016 жылы мемлекеттік қызметкерлер арасында кешенді аттестация жүргізілетін болады,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің Төрағасы Мұрат Қадырбек.

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Зулпия Шамсиддиновна Торебекова 30 Тамыз, 2015 13:35 Жауап

    Мен -ОҚО-ның экс- прокуроры Құлтасовтың қылмыстарын жария еткенім үшін, жараланып отырған қорғансыз қоғамдық қызметкермін!Сол кезде мына прокурор Иманов И. орынбасар прокурор еді. Бүгінде сол бұрынғы биліктің бұйрығын орындап отыр.Менің «медициналық коррупциядан қаза болған жасөспірім қыз» деген мақаламды Англияда т.б. шетелдерде талқыланып, форумдарда орын беріліп жатқанын біліп отырып, осы қылмысытық сорақы істі сотқа апартпай отыруын қалай түснеміз?
    Мен осы марқұм титтей бауырымның өлімі туралы бірнеше мақалалар жазуға мәжбүр болдым.
    1. Ауадағы аурулар,
    2. Қанышер ақхалатты адамөлтіргіштер,
    3. Медициналық коррупциядан қаза болған жасөспірім қыз,
    4. Эксгумацияны қажет етпейтін мәйіт,
    6. Қолдан ауру жасау:
    а) тегін дәрі алатын жастағы балалардың ЕКПЕ календарын қасақана ауыстыру,
    ә) Екпеден соң, ауырған балаларды жалған «учетқа» алу,
    б) Нормативі бұзылып салынған «Екпеден» соң, сол екпенің кері әсерінен сол екпе дертімен ауырған балалар мен жасөспі рімдердің дұрыс диагнозын жасырып, оларға Жалған диагноз қою,
    г) Қолдан ауру болған балаларды қорлау: Оларды медици налық эксперимент істеріне , пациенттердің ата -аналары емнен уланған балаларын шетелге апарып, немесе қалаға апарып, дұрыс диагнозын тауып қойғанда, яғни әке шеешсі өздері тексертіп тапқан айғақтардан шошып, қасақана эксперименталды екпе істеріне пайдаланып, ауруларын түрлендіріп алып, соңында соңғы уколды облыс проурорының туысының қолымен салдыртып өлтіртіп, қылымстық іст сотқа апартпай отыра беруінен, арыздану шының құқығы тапталып, шаш етектен қарызға шыланып, ақыры сотқа сол шығынды төлету үшін талап арыз беруге арыз жазуына мәжбүрлеу болумен тындыру болады екен..ъ

    мен 99 рет Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа арыз жаздым, барлығының мазмұнында «облыс прокуроры ИМанов И. маған жауап бермей отыр» берген жауабы ресми бланкіде болмағандықтан, Асанов жақып мырза тек аудандық тергеушінің Қаулысын бұзды, сондықтан, СІЗГЕ КІРЕ АЛМАЙ ЖҮРМІН» ДЕП келемін, бірақ барлығына бір жауап келеді: «Арыз бен өтініш салғанда, облыс прокурорының жауабын қосып салмасаңыз бас прокурордың алдына кіре алмайсыз» деген, сонда мен Кімнен осы сұрағыма :zhlau: жауап аламын?
    в)

  2. Зулпия Шамсиддиновна Торебекова 30 Тамыз, 2015 13:42 Жауап

    Ресми айғақ бар , ол: Биыл Балалардың Екпе календарын Тамара Дүйсенова ханым ауыстыртып отыр, сондықтан, мен бұрын Құдайберген Оралбай деген сульяның шешімін облыста апелляциялық және кассациялық сатыларында қалай жеңіп шықсам, бұл жолы облысымыздың бірінші мамандығы : технолог -инжинер болғандықтан, оның жеделдетілген екінші мамандықтағы құқықтанушы ғана екендігімен қызметінен жақында кететінін біліп отырмын. Мен Қайрат Қожамжаровтың тамаша қаржы полицейлері осындай опасыздақтардан биліктің көп ЭҚСЖ сотқа апарта алмағанын білемін. Айғақтарым сақтаулы тұр. Прокурор генерал И. :kulki: Имановты мен сыбайластарымен сотқа бердім.

  3. Зулпия Шамсиддиновна Торебекова 30 Тамыз, 2015 13:45 Жауап

    Адам болып туған соң, адам болып кетуді ойлайық,
    Арам ниетті прокурордың қызметінен кетуін тойлайық!
    Мына «Жүз қадамдық» Ата Заңдарын- Елбасымыздың
    Оу, Халайық, оқып-тоқып алып, бірауыздан қолдайық!

  4. Зулпия Шамсиддиновна Торебекова 30 Тамыз, 2015 13:53 Жауап

    Бірінші мамандығы технолог инжинер прокурор И.Иманов мырза екінші мамандықтағы «Құқықтанушы» ғана бола тұра, өзінің Логикадан, Психологиядан білім ала алмағандығын осы жауапсыз қалдырған жылдарында білдіріп болды. Сол үшін, ашық жариялай аламын.
    Қаржы полицейлері прокуратураға тәуелсіз болса, олар ұстап отырған экономикалық қылмыстық істерді бірден ашық сотқа апара алуы керек!?.. Сондықтан, ЭҚСЖ істерін ашуда және мемлекеттік қызметтік істерінің кадрлық коррупциясын сотқа апару үшін қаржы полицейлерінің жолына ешкім кедергі келтірмеуі тиіс болған жағдайда ғана Өркениетімізде өтірікпен өрілмейтін өмір басталып, тек алға өрлеу басталады деп сенім білдірмін! :bala:

Пікір немесе жауап жазу

15 − он екі =