Ақтауда Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі ашылды

2252
11
Бөлісу:

м-1

Бүгін Ақтауда 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов қатысты.

м-2

«Бұл өңір үшін үлкен, маңызды оқиға. Мектеп қазақстандық және халықаралық білім берудің үздік дәстүрлерін есепке алып жасалған бағдарламалар бойынша оқытудың бірегей мүмкіндігін береді. Техникалық ғылымды зерделеуге бейім облыстың барлық дарынды оқушылары үшін мектеп өңірлік ғылыми-білім беру орталығы болмақ», – деді тұрғындарды, оқытушылар  құрамы мен оқушыларды құттықтаған А. Айдарбаев. Облыс әкімі мектепке шағын автобус тарту етті.НЗИ ғимаратында 54 оқу кабинеті, 24 зертхана бар, олар жаңа мектеп жабдықтарымен жарақталған. Мұнда химия, биология, физика, математика, интеграция, техникалық үлгілеу, нано-биотехнологиялық, робототехника, ақпараттық бөлме кабинеттері жұмыс істейді.

м-3

«Қазіргі уақытта осы мектепте оқитын 477 оқушы ҚР Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. Орташа, бір орынға 5-6 адамнан болды. Ақтау қаласы зияткерлік мектебіне Атырау, Шымкент, Орал қалаларынан балалар оқуға түсті. Мектепте іріктеуден өткен 93 педагог, шетелден тартылған 10 оқытушы сабақ өткізеді», – деп атап өтті «Ақтау қаласындағы Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалының директоры Ермек Пайызов.

м-4

Мектепте екі спорт залымен спорт-сауықтыру блогы бар. Оның жанында спорт кешені – футбол алаңы, баскетбол, волейбол алаңы, теннис корты, түрлі спорттық жеңіл атлетика алаңдары, балалардың демалыс аймағы орналасқан.

м-6

360 орындық асхана салынған, интернаттың корпусына 120 оқушы сыяды.

м-7м-8
м-9

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

  1. қазақ қызы 28 Тамыз, 2015 16:11 Жауап

    Мұндай мектептерді енді моноқалаларда да ашылса, өте тамаша болушы еді! Сондай жақсы жабдықталған орташа білім алатын оқу орны көптеген оқушылардың арасынан ең таланттысын таңдамақ!

  2. Абзал 28 Тамыз, 2015 16:32 Жауап

    Оқушыларға барлық жағдай жасалынған. Сыныптар барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған екен.

  3. Айгул 28 Тамыз, 2015 16:33 Жауап

    Басқа қалаларда да салынып жатыр. Өте сапалы білім ордасы болатынына сенімдімін.

  4. Асқар 28 Тамыз, 2015 16:52 Жауап

    Керемет жаңалық. Мектептің салынып бітуін көп күткенмін. Баламды міндетті түрде осы мектепте оқытамын.

  5. Даулет 28 Тамыз, 2015 17:22 Жауап

    Осы аймақтың бір алдыңғы қатарлы мекетебі болады! Білім сапасы да, мүмкіншіліктері де өте керемет болатыны анық!

  6. Мерей 29 Тамыз, 2015 11:01 Жауап

    Актаулык окушыларды куттыктаймын, жана мектеп – жана оку жылы! оку улгеримдерин мектептин атын сай болсын

  7. Қожаұлы Сұлтан 29 Тамыз, 2015 17:31 Жауап

    Құтты болсын! Қазір біздің кезең, барлық істелініп жатқан істер тек болаш үшін халық үшін! Біздің барлық жерде техниканық соңғы шығармаларын қолданатымыз қуантады! Ең басты еліміз аман болсын! Ел басы аман болсын!

  8. Айжан 29 Тамыз, 2015 17:34 Жауап

    Йә, барлықтарыңыз дұрыс айтады екнсіз! Ел басымызға мықты денсаулық тілеймін! Аспанымыз ашық болсын!

  9. Диляра 30 Тамыз, 2015 16:00 Жауап

    Өзге қалаларда да осындай мектептер ашылса игі болар еді,Ең бастысы – мамандардың сапалы білім беруі.

Пікір немесе жауап жазу

үш × үш =